Зімбірдің пайдасы мен зияны
Зімбір қысқы тағамдарға жиі қосылады. Диетологтар оның пайдасы көп болғанымен, зиянды тұстары да жетерлік екенін айтады. Сондықтан оны қалыпты мөлшерде тұтыну керек деп санайды.
Зімбір ас қорытуды жақсартады және жүрек айнуын жеңуге көмектеседі, ал әйелдерде етеккір ауырсынуын жеңілдетеді. Себебі оның қабынуға қарсы қасиеттері бар. Алайда көп мөлшерде қолдану ауыз, тамақ пен асқазанды тітіркендіреді. Салдарынан іш ауырып, газ пайда болуы мүмкін. Яғни шикі түрінде шамадан тыс пайдаланудың зияны бар, көбіне дәмдеуіш ретінде қолданған дұрыс.
Ал артық салмағы бар немесе семіз адамдарға зімбір жеуге кеңес беріледі – оның тамырында салмақ жоғалтуға көмектесетін көптеген антиоксидант бар. Бұл жағдайда да шектен тыс пайдаланбаған абзал.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу