Жолжелкен жапырағы ішекке пайдалы
Бір деректерден жер бетіндегі халықтың 10-15%-ында іш қату (запор) бар дегенді оқып едім. Америка Құрама Штаттарында 4 миллион адамда осы ауру бар дейді.
Былай қарасаң, іш қату анау айтқандай қорқынышты емес көрінеді. Бірақ бұл сондай жайсыз әрі бауыр мен ішектерге өте зиян жағдай ғой. Ал одан құтылу қиын емес. «Ауырмаңыз!» газетіне өзім білетін рецептті жолдап отырмын.
Таңертең және кешке буға немесе суға пісірілген асқабақ тілімін жеңіз. Бұл емнің тез әсер етуіне көмек. Ал негізгі ем мынадай: жолжелкен (подорожник) дәнінің немесе уатылған жапырағының 2 ас қасығына 1 стакан су құйып, баяу отта қайнатады. 3 минут қайнаған соң жылы орап, 4 сағатқа тұндырып қояды. Оны таусылғанша күнделікті 1 ас қасықтан таңертең ашқарынға ішу керек. Ал іш қатуы бірнеше жылға жалғасқан болса, онда стаканның төрттен бір мөлшеріндей ішуге болады.
Оралбай КЕРТАЕВ.
Сарыағаш ауданы.
«Ауырмаңыз!» газетінен.