Анамның інісіне іздеу саламын
Сәлеметсіздерме бармысың бауырым бағдарламасы. Мен Байжанов Серикхан Мәметұлы. 1948 жылы. Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Коскудук ауылының тұрғыны боламын.
Іздеу саламын шешемнің інісін. Сағынтаев Әбдібек( Әлдибек, Әділбек) нақты қай жылы дүниеге келгенін білмейміз. Шешемнен 3, 4 жас кіші болатын. Шешем Сағынтаев Бүбіжамал Базарқұлкызы. 1918 жылы дүниеге келген, Алматы облысы. ( қаласы белгісіз). Қай жылы екенін белгісіз, шешем мен інісі және аналары үшеуі Алматы қаласында роща Баумона бағында демалып отырған. Шешесінің көзі көрмейтін ( Айнабала). Шешімді інісімен бірге ойнап жүргенде, милиция алып кетеді, детский домға малый станицадағы. Шешелері көзі көрмегендіктен сол рощада қалып қояды(Айнабала) Қай жылы екенін білмеймін. Шешем інісімен детский домда бірге болды( қанша бірге болғандарын белгісіз) шешем Сағынтаева Бүбіжамал 16 жасқа толғанда балалар үйінен жіберіп тастады. Інісін қайда қалғанын білмейді, ( біреулер асырап алды ма? Белгісіз) содан бері белгісіз .
Айдын Байжанов