Қанның 9 түрлі көрсеткіші денсаулығыңыз жөнінде толық ақпарат береді
Сырқаттансақ болғаны, білікті дәрігер алдымен қан тапсыруға жібереді. Жалпы қан талдауы үшін қан көктамырдан не саусақтан алынады. Алғашқы қан талдауын аш қарынға тапсыру міндет емес. Ал толық талдау тапсырар алдында тамақтануға болмайды.
Мұндай талаптың себебі айқын: кез-келген тағам қандағы қант мөлшерін өзгертеді. Нәтижесінде қан талдауы дәл болмай шығуы мүмкін. Біраз тынығып алғаннан кейін қан тапсырған жөн. Дәл осы себепті, әдетте қан тапсыруға таңертең барамыз. Ол да жүргізілетін зерттеудің тазалығы, дәлдігі үшін қажет.
Сауатты дәрігер міндетті түрде жынысыңыз бен физиологиялық күйіңізді ескереді. Себебі, айталық, әйелдерде етеккір алдындағы синдром уақытында эритроциттердің тұну жылдамдығы артып, тромбоциттер мөлшері азаяды. Сонымен, денсаулығымыз жөнінде қанымыз не дейді?
Жалпы қан талдауының көрсеткіші
1. Гемоглобин (Hb)
Ол эритроциттер құрамындағы қан пигменті. Негізгі қызметі – оттегіні өкпеден тіндерге тасымалдап, ағзадан СО2 шығару. Ерлер үшін қалыпты көрсеткіш – 130–160 г/л, әйелдер үшін – 120–140 г/л. Егер гемоглобин төмендесе, ол қаназдық, қансырау немесе ішкі ағзалар зақымданған кезде іште жасырын қан кеткенін білдіреді. Ал гемоглобиннің артуы әдетте қан аурулары және жүрек жетіспеушілігінің кей түрлерінде байқалады.
2. Эритроциттер
Ол құрамында гемоглобин барқандағы қызыл түйіршіктер. Ерлердегі қалыпты мөлшері – (4.0–5.1) * 12-10/л, әйелдерде – (3.7–4.7) * 12-10/л. Денсаулығы мықты адам биік таулы аймақтарда болған кезде және жүрек ақауы, бронх, өкпе, бауыр мен бүйрек ауруларында эритроциттер шамадан тыс артады. Кейде ол ағзадағы стероидті гормондар шектен тыс артқанда орын алады. Ал эритроциттер жетіспеушілігі – қаназдық, созылмалы қабыну процестері, қатты қансырау белгісі. Кейде жүктіліктің соңғы кезеңінде болады.
3. Лейкоциттер
Қандағы ақ түйіршіктер. Сүйек кемігінде және лимфа түйіндерінде жүреді. Олар ағзаны сыртқы әсерлерден қорғайды. Қалыпты көрсеткіш – (4.0–9.0) х 10-9/л. Көрсеткіштің қалыптан артуы жұқпалы аурулар немесе қабыну себепті. Ал көрсеткіштің артуы түрлі жағдайларды орын алады. Ол, тіпті, аурумен байланысты болмауы мүмкін. Шамадан тыс физикалық күш түскенде, күйзеліс және жүктілік кезеңінде артады. Кейде лейкоцитоз белгілі аурулармен де байланысты болуы мүмкін. Олар:
бактериялық жұқпа;
қабыну процесі;
ағзаның тітіркену реакциясы;
лейкоздар;
гормондық және жүрекке арналған кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау (дигоксин тәрізді).
Ал лейкоциттердің жетіспеушілігі вирусты жұқпа немесе тырысуға қарсы дәрі-дәрмектер, анальгетиктер сынды кейбір дәрілер салдарынан болуы мүмкін.
4. Тромбоциттер
Қанның ұюына жауап беретін жасушалар тромбтардың түзілуіне қатысады. Қалыпты саны – (180–320) * 10-9/л. Егер олар нормадан көп болса, туеркулез, ойық жаралы колит, бауы циррозына шалдығуыңыз мүмкін. Мұндай көрсеткіш отадан кейін немесе гормондық дәрі-дәрмек салдарынан да болуы мүмкін. Ішімдік әсерінен, ауыр метталдардан улану, қан аурулары, бүйрек және көкбауыр жетіспеушілігі,гормондық ақаулар кезінде нормадан төмен көрсеткіш көрсетеді. Жәнә нтибиотиктер, зәр айдайтын дәрі-дәрмек, дигоксин, нитроглицерин, гормондар әсері болуы да ықтимал.
5. Эритроциттердің тұну жылдамдығы немесе эритроциттердің тұну реакциясы
Эритроциттердің тұну жылдамдығы. Ол – аурудың өту көрсеткіші. Әдетте эритроциттердің тұну жылдамдығы сырқаттың 2-4 тәулігінде артса, сауыққан уақытта ең жоғары мөлшеріне жетеді. Ерлер үшін қалыпты мөлшері – 2–10 мм/сағ, әйелдер үшін – 2–15 мм/сағ. Көрсеткіштің жоғарылауы жұқпалы аурулар, қабыну, қаназдық, бүйрек аурулары, гормондық ақаулар, зақымдану немесе отадан кейінгі шок, жүктілік, босанудан кейін және етеккір кезеңінде орын алады. Ал қан айналымы дұрыс болмаса және анафилаксиялық шок кезінде көрсеткіш төмендейді.
6. Глюкоза
Сау ағзадағы глюкоза концентрациясы 3,5–6,5 ммоль/литр болуы тиіс. Оның төмендеуі дұрыс және уақытылы тамақтанбағаныңызды, гормондық ауруларды аңғартады. Ал артуы – сусамыр дертінің белгісі.
7. Жалпы ақуыз
Оның қалыпты мөлшері 60–80 грамм /литр. Бауыр, бүйрек қызметі нашарлаған кезде, аз тамақтанғанда ақуыз мөлшері төмендейді. Мұндай жағдай көбіне ауыр емдәм салдарынан орын алады.
8. Жалпы билирубин
Билирубин мөлшері 20,5 ммоль/литрден жоғары болмауы тиіс. Сары ауру, өт-тас ауруы немесе эритроциттер бұзылуы кезінде билирубин мөлшері артады.
9. Креатинин
Креатинин бүйрегіңіз үшін жауап береді. Оның қалыпты концентрациясы: 0,18 ммоль/литр. Қалыптан асу – бүйрек жетіспеушілігінің белгісі. Егер қалыпты мөлшерге жетпесе, иммунитетіңізді көтеру қажет.
Stan.kz