Жер бетінде қанша өсімдік бар?
Күн сайын өсімдіктердің жаңа түрі табылғанын естіп жатамыз. Жер шарында қанша өсімдік бар? Оларды тіркейтін мамандар бар ма?
Аяулым БЕКЕТАЕВА, оқушы
Еліміздің табиғат қорғаушыларының мәліметіне сүйенсек, дүниежүзінің ботаниктері жер бетіндегі өсімдіктердің түрін санауды қолға алғандарына шамамен он жылдың жүзі болған. Алайда осыншалықты уақыт өткеніне қарамастан, олар өсімдік әлемін толығымен зерттеп үлгермеген көрінеді. Себебі бүгінге дейін әлемнің әр бұрышынан табылған өсімдік түрлерінің өзі 422 мыңға жеткен. Ғалымдар тізімге ілінбеген 50 мыңға жуық өсімдіктің бар екенін айтады. Соның ішінде Қазақстан табиғатында 6 мыңға жуық өсімдіктің түрі кездеседі. Табиғаттанушылардың айтуынша, жыл сайын өсімдік қоры жоқ дегенде екі-үш өсімдікпен толығып отырады.