Индустриалды-инновациялық даму – еліміздің дамуының кепілі болып отыр

Қазақстан экономикасының дамуындағы оң үдеріс елімізде әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын өсіруді қамтамасыз етіп отыр. Экономиканың бүкіл салаларының тұрақты өсуі, халықаралық қауымдастықтың елімізді мойындауы Қазақстан қоғамының берекелі өмірінің негізі болып отырғанын мойындау керек.
«Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз. Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады. Біз осынау үдерістердің белсенді қатысушылары болуға тиіспіз» деген еді. Ал, «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты векторы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет Басшысы «үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы ел өнеркәсібін жаңғыртудың басты бағдары болып қала береді» деп атап көрсетті.
Заманауи жоғары дамыған елдің негізгі бәсекеге қабілеттілік басымдылығы адами капиталдың сапасына және тұрғындардың тұрмысын қамтамасыз ететін факторларға тікелей тәуелді. Соңғы жылдардағы экономикалық өсу және мемлекет жүргізген белсенді әлеуметтік саясат ел азаматтарының өмір сүру деңгейін едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.
Қазақстан экономикасының дамуындағы оң үдеріс елімізде әлеуметтік тұрақтылық пен халықтың әл-ауқатын өсіруді қамтамасыз етіп отыр. Экономиканың бүкіл салаларының тұрақты өсуі, халықаралық қауымдастықтың елімізді мойындауы Қазақстан қоғамының берекелі өмірінің негізі болып отыр. ҚР Президентінің әлемдік дамыған 50 ел қатарына қосылу тапсырмасы орындалып, Әлемдік экономикалық форумның жаһандық рейтингі бойынша биыл Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50-інші ел болып танылды. Қорыта айтқанда, дүниежүзі мойындап отырған экономиканы өркендетудің бірден-бір озық жолы индустриалды-инновациялық даму бағытында республикамызда көптеген игі шаралар жүзеге асырылып жатыр. Атқарылған жұмыстан алда атқарылатын іс көп. Тек, ел болып бірлесіп, жұмыла күш біріктірсек, әлі талай биікті бағындырарымыз анық.
Алаш айнасы





