"17 жыл сенсіз өте қиын": Ақбота-Нұр Сейтмағамбет марқұм анасын еске алды

"17 жыл сенсіз өте қиын": Ақбота-Нұр Сейтмағамбет марқұм анасын еске алды

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет марқұм анасын еске алып, жан сырын ақтарды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әнші әрі актриса Instagram парақшасында анасының суреттерін жариялап, оған деген сағынышын жеткізді. 

"Анашым, жеке мереңмен. 17 жыл сенсіз өте қиын.
Иә, сағынып еске алдым мен бүгін, 
Жетпей қалды маған берген жылуың. 
Ана деген үш ақ ауыз сөзімді,
Айта алмай қиналдым мен бүгін", - деп жазды ол.

Одан бөлек, Ақбота өмір туралы ой толғағымен бөлісті. 

"Өмірдің әр кезеңіне өткен сайын бұрынғыдан есеп аласың. Кімдер жолықты, нелер болды? Қуанышың мен қайғыңды кімдер бөлісіп, кімдер үнсіз кете барды? Жақының жатқа айналып, бір жақсыдан үміт күтіп, келер күніңді сол үмітпен жалғар сәттер бәрімізде болған шығар. 

Ең жақсы естеліктер мен ең жаман күндеріңді ұмыту қиын. Өміріңде бар болған нәрселерді ұмытуға тыраштанбай, мойындап, солармен бірге өмір сүру - ерлік һәм бақыт. 

Әркім өмірден өз үлесін алып, әдемі ғұмырдың иесі болуға талпынады. Келешекте кіммен кездесіп, кіммен қоштасатынымыз құпия", - деп жазба қалдырды Сейтмағамбет. 

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста