Ақбота Нұр жеке өміріндегі жаңалығымен бөлісті
Отандық әнші әрі актриса Ақбота Сейтмағамбет әлеуметтік желіде жазбасымен көпшілікті қызықтырып қойды. Әнші Instagram парақшасында жеке өмірі туралы жаңалықты бөлісті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Желі қолданушыларының бірі "Жалғыз қалуыңа не себеп?", - деп сұраған.
Ал актриса оқырманының бұл сауалы шындыққа сай келмейтінін жеткізіп, қол ұстасқан жұптың суретін жариялады.
"Сенімді сөйлей бермесеңіздерші", - деген Ақбота Сейтмағамбет жауабына қол ұстасқан жігіт пен қыздың суретін бекітіп қойды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақбота Сейтмағамбет тұрмысқа шығуға кеңес берген оқырманына жауап қайтарған болатын.
Сондай-ақ актриса жеке пәтер сатып алып, жақында қоныс той жасайтынын жеткізді.
Ақбота Сейтмағамбет сторис. Скриншот: instagram.com/akbotanurabaykyzy