Бәріңіз шетінен әдемісіздер: Дастан Оразбеков көпшілікке отбасын көрсетті

Бәріңіз шетінен әдемісіздер: Дастан Оразбеков көпшілікке отбасын көрсетті

Дастан Оразбеков анасын ел алдында туған күнімен құттықтап, жүрекжарды жазбасын арнады. Әнші отбасылық суреттерін жария етті. Көпшілік олардың ерекше сұлу жандар екенін айтып жатыр. 

Дастан Оразбеков желідегі парақшасында ата-ананың қадірі туралы сөз етті. Анасын туған күнімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. 

“Ана — шартсыз махаббаттың үлгісі. Баласынан ақ сүті мен тәлім-тәрбиесін аямайтын, перзенті үшін отқа да, суға да түсуге дайын, барлық жақсылықты баласына тілейтін ана - көктен жерге түскен Алла тағаланың мейірімі мен махаббатын айғақтауға келген бірден бір жандай. Анаң - сенің ұнамсыз қылықтарыңды біле тұра, жақсы қасиеттеріңді бағалап, мақтайтын, мәңгі айнымас жанкүйерің, жатса да, тұрса да тілейтіні тек сенің тілеуің. Ананың баласына жасаған жақсылығының өтеуін ешбір адам қайтара алмайды, тіпті "Меккеге арқалап апарсаң да, қайтара алмайсың" дейді білетіндер. Ана өз баласын тәрбиелей отырып, бүкіл қоғам тәрбиесіне де үлес қосады”, – деді Оразбеков.

Әнші балаңның анасын да, нәресте қыз балаңды да анаңды сыйлағандай құрметте дейді.

"Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді"- деп халқымыз ананың осы атқаратын рөлін ерекше бағалаған. Бұл адамзаттың қандай болатынына тікелей ананың қатысы бар екенін, оған тікелей әсер ететінін көрсетеді. Ананың ақ сүтіне тойып, мейіріміне сусындап, бақытқа кенеліп өскен баланың әлемге берері мейірім мен сүйіспеншілік болатынын ғалымдар да айтып жүр. Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса сөз – сөздің ең төресі: анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызыңа да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары өз тілегін айтты. Енді бірі әншінің отбасы мүшелерінің бірінен бірі өткен сұлу жандар екенін айтып мақтады.

“Жандарым, әрқашан жүздеріңнен қуаныш күлкісі кетпесін”, “Біз деніміздің саулығымен баймыз, жанұямызбен көріктіміз, дін тіл діл ұлтымызбен құрметті және адами қасиеттерімізбен ғана озатпыз”, “Мамаңызға аумайсыз”, “Керемет жанұя”, “Бәріңіз әдемі екенсіздер”, деп жазды олар.

 

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста