Ерке Есмахан: Өнерден алшақтағым келетін сияқты
Жақында тұрмысқа шыққан әнші Ерке Есмахан көпшілікке алдағы жоспарын бөлісті. Өнер иесі өнерден аз уақытқа алшақтағысы келетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап беру барысында айтқан. Желі қолданушыларының бірі әншіден "Өнерде қаласыз ба? Әлде тек үйде отыратын келіншек боласыз ба?", - деп сұрады. Ал Ерке Есмахан күйеуінің де, жаңа туыстарының да өнеріне қарсы еместігін мәлім етті. "Сырға салуға келгенде үлкендер "ән айтам десе - айтқызамыз, билеймін десе - билетеміз. Өнеріне еш кедергі болмаймыз" деді. Күйеуімнің де еш қарсылығы жоқ. Бірақ, өзім кішкене өнерден алшақтағым келетін сияқты", — деді Ерке Есмахан.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу