Ерке Есмаханның үйі көпшілікті таңқалдырды (видео)
Әлеуметтік желіде шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмаханның үйінің ішкі көрінісі туралы видео тарады.
Бұл видеоны әншінің құрбысы Дана Есеева түсірген, деп хабарлайды Экспресс К.
Әншінің үйіне қонаққа барған достары үйдің кіреберісінен бастап видеоға түсірген. Құрбысы Дана үйдің барлық бөлмесін аралап, көрсетеді. Еркенің қонақжайлылығы мен талғамының жоғары екенін айтып, мақтайды. Әншінің сторис түсіріп, көпшілікке танылған әйгілі гардеробына кіреді. Тіпті "ревизор" тәрізді тексеріп, шұлықтарына дейін көрсетеді.
Бенежазба әлеуметтік желіге лезде таралып, жұртшылық түрлі пікір қалдырыпты. Көпшілік әншінің үйінің іші керемет екенін айтқан. "Құтты болсын", "бізге де жұғысты болсын" деп пікір қалдырыпты.
https://aitube.kz/channel?id=36d2078b-3b5e-48f3-9c7e-dd59f63a5664&from=embed_video
Экспресс К.