Намазға жығылу ойымда бар, бірақ хиджабсыз - Динара Сәтжан
Желі қолдануышыларының бірі “Намаз оқу ойыңызда бар ма?” деп сұрақ қойды. Тележүргізуші намазға жығылуға ниетті екенін, алайда хиджаб кимейтінін бірден ескертті.
Сондай-ақ ол өзі туралы қаңқу сөздер мен жағымсыз пікірлерді қалай қабылдайтынын айтты.
“Мен өмір бойы өзім туралы неше түрлі қауесет естіп жүрмін, кейде оқып қаламын. 20 жасыңда мұндайды естісең, ашуланасың, ауыр тиеді. Ал қазір ондай сәтте күліп қойып, дұрыс жолда келе жатқаныңды түсінесің”, – дейді Динара.
Тележүргізуші өкінетін сәттері барын жасырмады.
“Өміріңізде не нәрсе ұнамайды? Өкінесіз бе?” деген сұраққа ол: “Тіл үйренбегенім үшін өкінемін. Қазір ана тілім – қазақ тілі мн ағылшын тілін үйреніп жүрмін. Басқа ешнәрсеге өкінбеймін”, – деп жауап берді.
Тележүргізушінің жеке өмірі де оқырмандар назарынан тыс қалмады. Желідегілердің бірі: “Сұхбатыңызда айтқан сүйіктіңіз кім?” деді сұрақты төтесінен қойып. Динара абдырап қалмады. “Жақсы, мейірімді, кең жүректі адам”, – деп сипаттады сүйікті ер азаматын.