Нұрлан Албан өзіне "тіс қайраған" әкімдер мен министрлер жайлы айтты

Нұрлан Албан өзіне "тіс қайраған" әкімдер мен министрлер жайлы айтты

Қаңтар айының басында бейбіт митингіге шыққан халықты қолдаған Нұрлан Албан жоғары шенділер арасында өзін "жақтырмайтын азаматтардың" бар екенін айтты. Сөзіне қарағанда, бүгінде мемлекеттік мәдени іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастырушылар оны "қара тізімге" енгізген. Бұл туралы Нұрлан Албан Дәнеш Асқарбекұлына берген сұхбатында айтты.

"Оның ішінде Алматы әкімдігі мені ешқайда шақырмайды", - дейді әнші.

4 қаңтар күні Алматыдағы Әуезов театрының алдына өнер өкілдері жиналып, Батыстағы бейбіт шеруге шыққан халықты қолдайтынын жеткізді. Оның ішінде Нұрлан Албан қара халықтың тұрмыстық-әлеуметтік жағдайы нашарлап бара жатқанын ашына айтты. "Ел аман, жұрт тынышта қарапайым халықтың Kaspi Red-ке азық-түлік алуы өмірдің соңғы жасауы деп білемін", - деді әнші. 

Бұдан кейін Албан мемлекет басшысы Тоқаевқа видео-үндеу жолдап, жаңа реформаларды іске асыру кезінде бірнеше мәселені назарға алуды өтінді. Соңғы оқиғаларға қатысты көзқарасымен ашық түрде жеке парақшасында бөлісіп жүрді. Әншінің бұл белсенділігі кей шенділерге ұнамаса керек, қоңырау шалып, сес көрсеткендер де табылыпты. Бірақ әнші қолдан келгенше елмен бірге болуға тырысқанын жеткізді. 

"Менің қолымнан келетіні сол ғана. Менің халыққа, әйтпесе жаңадан жиналып жатқан қорға беретін алпауыт компаниям жоқ. Мен меценат емеспін, әйтпесе жараланып жатқандарды емдеп жіберетін орталығым жоқ. Біреуге үй беретіндей жағдайым жоқ.

..Қымбатшылық жанды қысып кетті. Алаңға шыққан халықтың ішінде "мені миллиардер қыл" деп отырған ешкім жоқ. Мен айтпай-ақ, халықтың жағдайын мемлекет басшысының өзі айқындап берді", - дейді Нұрлан Албан. 

Сөзіне қарағанда, осындай белсенділігінің салдарынан кей шенділер оны жақтырмайтын көрінеді. Әнші бұған дейін де әділдікті талап етіп, “жоғарыдағылардың” көзіне түскен.

"Бұған дейін де ел басында жүрген кейбір әкім болған, министрлердің де тісін қайраған сәттері болған. Өйткені мен әрқашан өзімнің жасаған жұмысыма толығымен еңбекақымды талап етемін. Бір мемлекеттік іс-шараны жүргіздім, менің еңбекақымды төлемеді. Сол үшін мен айқай-шу шығардым. Өйткені ол менің таза еңбегім. Көптеген мемлекеттік іс-шараларда, концерттерде жоқпын. Өйткені концерт бірлестіктері мені шақырғысы келмейді. Әжелерімді, соло болсын…

Одан мен қайыршы болып кеткен жоқпын. Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыратын концерттерге мені қоспайтынын білемін", - дейді Нұрлан Албан. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста