Қысқа көйлек киген Ақбота Нұр қызу талқыға түсті

Отандық актриса әрі әнші Ақбота Сейтмағамбет Instagram желісінде жаңа суретімен таңғалдырды. "КешYOU" тобының бұрынғы мүшесі оқырмандарының қызу талқысына түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
"Бәрі біз ойлағандай болса ше?", - деп жазды актриса.
Өнер иесінің жаңа суреті желі қолданушыларының бәрінің көңілінен шыға қоймады.
Актрисаның кей оқырмандары оның Меккеге барып келгенін есіне салды.
"Қажылыққа барып келгенің қайда қалды?", "Әдемісіз", "Мына суретің ұнамады", "Өзің жайлы жақсы ойлайтын адамдардың ойын бұзба", "Көркіңе ақылың сай қызсың. Көптің бірі болмашы, сенсіз де жетіп жатыр", - деп пікір қалдырды желідегілер.
Айта кетейік, Ақбота Сейтмағамбет отандық әнші әрі актриса. Ол өнер жолын 2015 жылы KeshYou тобынан бастады.
Ақбота Сейтмағамбет актер Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығып, бүгінде бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр.
Жұлдызды жұп 2020 жылы ажырасып кетті.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz





