Санын ашып суретке түскен Мәдина Сәдуақасова сынның астында қалды
Әлеуметтік желідегі жұрттан ылғи сөз еститін Мәдина Сәдуақасова бұл жолы да әдеттен жаңылған жоқ. Дәл қазір шет елде демалыста жүрген әнші жеке парақшасына іш киіммен түскен фотосын жүктеп, тағы да халықтың ашуына тиген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Жылына кем дегенде екі рет шекара асып, шет елге саяхаттайтын Мәдина жаңа жылды қарсы алғаннан кейін күйеуі мен баласын ертіп Таиландқа аттанған. Олар отбасылық демалыс үшін арнайы екі бөлмелі вилланы жалдап, теңіздің жағасында серуендеп жүр.
Бірақ демалыстағы әр сәтін көпшілікке көрсетіп, жағажайда санын жалтыратып түскен суреттерін желіге жүктеген Сәдуақасованың әрекеті жұртқа жақпай қалды. Елдің қытығына тиген әлгі фотода Мәдинаның іш киімі анық көрініп тұр.
instagram.com/sadvakasovamadina
Мына жақта "купальнигің" болса болды, басқа ештеңе керек емес. Мынау менің алып келген киімдерім. Бірақ әлі киген жоқпын. Біреуін ғана кидім, — деді Мәдина.
Тұрмыстағы әйелдің Instagram-дағы төрт миллионнан астам оқырманына әуретті жерін көрсеткені көпшілікке ұнай қоймаған. Олар 40-тан асқанда қылық шығарған Мәдинаға неше түрлі жағымсыз пікір жазыпты.
"Дардай қатынсың ғой, саныңды жалтыратып... Ұят қайда? Қазақ десе бәріне тиеді. Ол не мақтаншақтық? Ұят-ай", "Көтеніңді ашып, күліңді шашып не істеп отырсың? Сенде ғана болса да, ұят қайда?", "Осылардың күйеуі үндемей ме? Таңғалам, қандай еркектер?", — деп сынады оқырмандары.