Say Mo студенттердің алдында ұятсыз би биледі
Атышулы әнші Say Mo-ның ерсі әрекеті желіде жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Бұл жолы өнер иесі Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде өткен кеште бірінші курс студенттерінің алдында сексуалды би биледі.
Видеоны әншінің өзі Instagram-дағы парақшасына жариялаған. Онда Say Mo "Тұран" университетінде ән салғанын айтып мақтанды. Думанды кеште атышулы әншінің орысша орындаған әніне елірген жастардың бір-бірінің үстіне шығып алып би билегенін байқауға болады. Ал Say Mo-ның өзі көпшілік алдында құйрығын бұлғаңдатып сексуалды әрекет жасады.
Әншінің бұл ерсі әрекетіне студенттер мәз. Бәрі қолдарын көтеріп, барынша қолдау білдіріп жатыр.
Эротикалық кадрларымен көптің сынына жиі ұшырайтын Say Mo үшін бұл — қалыпты жағдай. Жақында өнер иесі елге ұятты жерін көрсеткен болатын.