Төреғали Төреәлінің жары: Екі ұлымды да кесарь тілігі арқылы босандым

Төреғали Төреәлінің жары: Екі ұлымды да кесарь тілігі арқылы босандым

Төреғали Төреәлінің жары Толқын Instagram-да жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Ол екі ұлын кесарь тілігі арқылы босанғанын жеткізді, деп жазады Stan.kz.

"Үш қызымды да өзім босандым. Ал ұлдар Алланың қалауымен кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Жалпы біріншіден қарағанда, екінші кесарь тілігі кішкене ауырлау екен. Бірақ Аллаға шүкір ақырындап қалыпқа келіп жатырмыз. Бұйырса 1-2 күнде анализ тапсырып, жүктілік кезінде ішкен  витаминдерді жалғастыратын боламын", – дейді Толқын.

Бес баланың анасы босанғаннан кейін қалай күтіну керектігін жақсы біледі. 

 "Ең бастысы, осы күндері күтімге көңіл бөлу. Ауыр көтермеу, денені жылы ұстау, тердің қатып қалмауын қадағалау!” - дейді танымал әншінің жары. 

Сондай-ақ ол ұлының дүниеге келуіне көмектескен дәрігерлерге алғыс айтты. 

"Бойыма бала біткеннен бастап, әр күн сайын, балапаным аман-есен дүниеге келгенін тілеп жүрдік. Алланың қалауымен өте жақсы дәрігерлердің көмегімен бәрі сәтті өтті! Әр күнін қаншама балапандардың дүниеге келуіне арнап жатқан дәрігерлер мен медбикелердің еңбектеріне Алла разы болсын", – дейді Толқын Тұрарбекқызы.

Айта кетейік, жақында келіншегі Төреғали Төреәліге ұл сыйлады. Оған Мұхаммеджан Тазабек азан шақырып, Төре Мұхаммед Әли деп ат қойды. Кенже баладан бөлек, Төреғали мен Толқынның Кәусар, Тоғжан, Фатима, Төренұр атты ұл-қыздары өсіп келеді.

Stan.kz.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста