Жас әнші Ерке Есмахан үшін сүйіктісін тастап кетті
"Самая вышка" әнімен шоу-бизнес әлемінде аты шыққан Райымбек Бақтыгереевтің жанкүйерлері бұрынғы сүйіктісін өзінен 12 жас үлкен Ерке Есмахан үшін тастап кетті деп реніштерін айтып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Raim деген лақап атпен танылған әншінің соңғы кездері Ерке Есмаханмен көңіл қосқаны туралы ақпарат тарады. Екеуінің Еуропаға бірге барғаны айтылуда. Көпшілік желідегі суреттерден түсірілген жерлерін анықтап, екеуінің бірге екенін жазып жатыр. Осы ретте Райымбектің бұрынғы сүйіктісін Ерке үшін тастап кеткеніне ашуланғандар да жетерлік.
"Раймның таза ештеңесі жоқ кезінде қасында болып еді, көтеріліп кеткен соң бағаламағаны дұрыс емес", "Әйел жоқшылықта, еркек тоқшылықта білінеді", "Раймды тыңдағым келмей қалды", "Мына Ерке дуалап алды ма?", "Ерке қазақтың Пугачевасы болып тұр", — деген пікірлер бар.
Ал Ерке Есмахан әзірге бұл ақпаратқа қатысты ештеңе айтқан жоқ. Әлеуметтік желіде тек "интрига" ұстап бір пікір білдірген. Бірақ ақын Қайнар Алагөзовке қатысты алғысы ғана екен.
Достар шындық айтылды, сіздер жасыру мүмкін емес. Бәрі біліп, Tik-tok шулап жатыр. Мен де үндемей қалмайын. Иә, Қайнар Алагөзовке көмегім болды. Оның да маған тиген қолғабысы жетерлік. Рахметімді айтқым келеді, – деген әнші.
instagram.com/erke_esmahan