Жас жігітпен сүйіскен Мәдина Сәдуақасованың видеосы желіні шулатты
Мәдина Сәдуақасова тұрмыста болса да, бөтен еркектермен жиі көзге түседі. Бұл жолы Сәдуқасованың жас жігітпен құшақтасқан видеосы желіге тарап кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Сәт сайын әлеуметтік желіні дүрліктіретін Мәдина тағы да халықтың қызу талқысына түсті. Әнші кезекті концерттердің бірінде танымал блогер Нұрдәулет Бектұрсынмен танысқанын айтыпты.
25-тегі жігіт жастар арасында NNN лақап атымен танылған. Оның 3 миллионнан астам оқырманы бар. Бейнежазбаға зер салсақ, Сәдуқасова омырауы ашық көйлек киіп алған. Бір-бірін сырттай жақсы танитын әнші мен блогер осы жолы бетпе-бет кездесіпті.
Бүгін Нұрдаулетпен таныстым. Әдепті бала екен, — деп жазды Мәдина.
Видеоның соңында Мәдина бір көргеннен әлгі жас жігіттің құшағына ұмтылып, құшырлана сүйеді. Тұрмыстағы әйелдің бұл қылығы желідегі жұртқа жақпай қалса керек, олар Сәдуақасованы оңдырмай сынап жатыр.
"Таныса салып, құшақтап сүйді ме, түсінбей қалдық қой?", "Ақшасы бар ғой, құшақтағысы келген шығар. Байларды жақсы көрем деп", "Мәдина өзі жігітке ұмтылды", "Мынауың көрінген еркекпен таныса салып, сүйе кете ме?", — деп жазды желі қолданушылары.