Жүрсін Ерманның эфиопиялық күйеу баласы сүйіктісімен түскен суретін жариялады
Танымал ақын, айтыс жанашыры Жүрсін Ерманның шетелдік күйеу баласы Эммануэль ақынның немересі Айданамен түскен фотосын жариялады. Ерлі-зайыпты осыдан 4 жыл бұрын шаңырақ көтерген. Қазір олар Швейцарияда тұрады, деп хабарлайды Экспресс К.
Эммануэль Айданамен түскен фотосын өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Астына қос ғашық бір-біріне деген сезімдерін махаббат смайликтарымен жеткізген.
Қазақтан қыз алған шетелдік күйеу бала әйелі және қызымен Швейцарияда тұрады. Ол — Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Аданом Гебрейесустің ұлы. Ал Тедрос Аданом Гебрейесус қазақтың белгілі ақыны Жүрсін Ерманның құдасы болып отыр.
Эфиопиялық құданың Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтаған видеосы БАҚ беттерінде қызу талқыланған болатын.
Экспресс К.