2017 жылға арналған жұлдыз-жорамал

2017 жылға арналған жұлдыз-жорамал

2017 жылға арналған жұлдыз-жорамал көптеген тосынсыймен қуантады. Қызыл Қораз жылы – жамандық пен қауіп-қатерден ада. Келе жатқан жылы «күтпеген», «тосынсый» сөздері өміріңізде жиі қолданылатын болады. Ол, әсіресе, махаббат мәселесіне қатысты. Ертегі әлемінде жүргендей күй кешіп, сезімталдыққа бол алдырасыз. Десе де абай болғаныңыз абзал. Сезімге толы сырлы әлемде өзіңізді жоғалтып алмасаңыз болғаны.

Тоқты. Келе жатқан 2017 жыл Тоқтылардың бойында күш-қуат таситынын жұлдыздар уәде етеді. Алайда оны қайда жұмсарыңыздың білмей, бар істі күш сала атқаруға тырысасыз. Соның салдарынан бойыңызда барды мақсат-жоспарларыңызға жету мақсатында емес, одан мүлдем басқа арнаға шығын еткендей күй кешіп, уайымға салынасыз. Шындығыныда, бұл сезімнің алдамшы екенін білгейсіз. Өмірде кездейсоқ ештеңе болмайды. Бар ынтаңызбен істеген кез-келген іс ертелі-кеш жемісін берері анық. Сондықтан бұл жайт алаңдауға себеп емес.
Шын мәнісінде, өзіңіз қызықпайтын, сіз үшін мән-маңызы жоқ істерге ден қоюға тұра ма? Одан да көңіліңізге жағымды іспен айналысып, уақытыңызды пайдалы өткізген дұрыс. Көңіліңізбен құлай берілетін іс-әрекет, шаруалар кезегі келгенде күш-қуатыңыз да таси түседі. Тоқтылар жасай алатын ең дұрыс іс – жағдайларды асықтырмай, өмір ағымымен жүзіп, өзіңізді тым көп күш түсірмеңіз. Егер мүмкіндік туып жатса, аздап жалқаулануға да болады. бар уақытыңызды қызметіңізге, кәсібіңізге арнап қана қоймай, ұсақ-түйек шаруаларға да көңіл қойыңыз.
Махаббат мәселесіне келер болсақ, Тоқтылар бұл жылы жаңа таныстар тауып, сезімге беріліп, романтикалық хикаяларды бастан кешеді. Десе де өмір – спорттық жарыс емес. Бақыттың мөлшері махаббатқа құрылған қарым-қатынастар санымен өлшенбейді. Егер Тоқты бар жүрегімен шынайы бақытын табуға ұмтылса, алдағы жылы қарым-қатынастағы тілектеріңіз бен талаптарыңызда қарапайым болыңыз. Ең болмаса, шектен шыққандығыңызды түсінгейсіз.

Торпақ. 2017 жыл Торпақтардың күш-қайратын, төзімділігін сынға алады. бұл сынақтың негізгі құраушылары – қызығу мен ләззат. Сақтық танытыңыз! Келе жатқан жыл Торпақтардың ләззат алуға деген ынтықытығының артатыны сонша, шәрбатқа батып, шыға алмаған шыбындай күйге түседі. Ол өмірдің барлық саласына қатысты. Тіпті, қарапайым ғана жалқаулықтың өзі Торпақтарды тереңге тартып әкетуі мүмкін.
Егер Торпақ 2017 жылы табысқа қол жеткізгісі келсе, өмірге деген құштарлығын бақылауда ұстауы керек. Себебі тұрмыс-тіршіліктегі қызықтырар, еліктірер дүниелер мансабыңызға, жеке өміріңізе, тіпті, сымбатыңызға кері әсер етеді. Қолға алған істерін атқаруда міндеттеріңізді орындау, ойға алғаныңызды жүзеге асыруға күш-қайрат жетіспеуі мүмкін. Махаббат мәселесінде, жеке өміріңізде қызықтырар дүниелер үлкен қателікке ұрындырады. Ал жиған артық салмақтан арылу үшін айлап жаттығу залынан шықпауға тура келеді.
Қызыл Қораз жылы көптеген Торпақ ағыспен жүзуді құп көруі мүмкін. Олар махаббат хикаяларына ынтықтық танытпағанымен, еліктірер қатынастардан бас тарта қоймайды. Бұл қателікке бастайды. Мұндай қарым-қатынас салдарынан Торпақтар ләззат соңынан қуалап, қолжетімді жақындық үшін шынайы махаббатын жоғалтып алуы мүмкін. Егер келер жылы шынайы бақытын тапқысы келсе, өз сезімдерін басқаруды үйрену керек. алысқа бармайтын қатынастардың соңынан ерудің қажеті жоқ. Ол туралы ертесінде-ақ өкінеріңіз анық. Сезіміңіздің беріктігін тексеріп, толысуына уақыт беріңіз. Олар – шынайы махаббатыңызбен бақытқа кенелудің кілті.

Егіздер. 2017 жыл Егіздерге маңызы зор, үлкен істер атқаруға мүмкіндік береді. Ол Егіздердің өміріне әсерін тигізбей қоймайды. Келе жатқан жылы оларға белгілі бір істі қолға алып, бос шаруаларға мән бермей, соған ғана көңіл бөлу, алға қойған мақсаттарының ішінен ең маңызды әрі келешегі зорын таңдау оңайға соғады.
Бұл жылы Егіздер ерекше қасиетке ие болады. Ол – қай істің болмасын пайдалы не пайдасыз, келешегі бар не жоғын, табысты не табыссыз екенін ажырата алу қасиеті. Егер қандай да бір іс Егіздерді зеріктірсе, оның ұзаққа бармайтынын, сәтсіздікке ұшырайтынын біліңіз. Ал аталған жұлдыз белгісі өкілдері болашағы зор істі көзі шалса, оған барын салып, күш-қайратын аямайды. Жұлдыздар Егіздердің қолға алған мақсат-жоспарының бәріне қолдау танытады. Олар мансабында, кәсібінде, тіпті, шығармашылық бастамаларында табысқа қол жеткізеді.
Мұндай сәттілік жүрегінің жартысын іздеген Егіздерге де серік болады. Жүрегінің таңдауы 2017 жылы Егіздерді алдамай, нағыз бақытын табады. Бұл жылы қарым-қатынасыңызды отбасын құру, сәбилі болу тәрізді жаңа деңгейге шығара аласыз. Өмірлік серігін іздеген Егіздер сүйіктісімен қауышады. Бастысы, өз жүрегіңізге, ішкі түйсігіңізге сеніңіз. Егер жүрегіңіз алдыңыздағы адамның сіздік екенін айтса, күмәнданбастан алғашқы қадам жасаңыз.

Шаян. 2017 жылы Шаяндар өмірінде көптеген қызықты жайттар, тосынсыйлар орын алады. Олар келер жылы өзін толықтай үй шаруасына, жөндеу жұмыстарын жүргізуге арнағысы келгенімен, бұл ойына кедергі келтіретін тамаша мүмкіндіктер мен күтпеген жағдайлар орын алады. Сондықтан төрт қабырғаға қамалып отыру мүмкін болмайды. Бұл жылы Шаяндар көптеген жаңа таныстық, кездесу күтеді. Олардың кейбірі Шаяндар үшін тағдыршешті сипатта блолып, өмірін өзгертуі мүмкін. Жаңа таыстарының арқасында қызметі мен мансабында ғана емес, жеке өмірінде де біраз дүние өзгереді. Десе де мұндай сақтық тантытқан жөн, себебі жаңа таныстықтардың барлығы пайдалы бола бермейтінін ұмытпағайсыз.
Егер Шаяндар берілген мүмкіндіктердің бірін жібермей пайдаланғысы келсе, кез-келген қызықты ұсыныстардың ақ-қарасын ажыратып, сана сарабынан өткізе біліңіз. Бұл жылы жұлдыздар жағдайын жақсартуға көптеген мүмкіндік береді.
Өмірлік жарын іздеген Шаяндар үшін бұл жыл жаңа таныстықтарға толы болады. Бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Қызыл Қораз жылы кездейсоқ таныстықтың жүрегіңізде ұзақ сақталып қана қоймай, отбасылы өмірдің бастауы болуы мүмкін. Десе де мұнда асығыстық танытудың қажеті жоқ. Себебі бір көргеннен ғашық болғаныңызды сезіну, сезіміңізді тексеру үшін де уақыт керек. Ал отбасылы Шаяндардың қарым-қатынасында түсініспеушілік туындап, сезімдеріңіз сыналады. Араларыңызда қандай жағдай болса да, қиындықты іште бұғып қалуға тырыспаңыз. қиындықтың өздігінен шешілетінін күтпеңіз.

Арыстан. Келе жатқан 2017 жылы Арыстанға жағымпазданатын, қошемет сөздерін үйіп-төгетін жандар аз болмайды. Бірақ оларға алданудың, босаңсудың қажеті жоқ. Әр мақтау сөздің астарында қулық жатқанын біліңіз. Жалпы, бұл жыл Арыстандар үшін табысты, сәтті жыл болмақ. Оның еңбекқорлығы жетістікке жеткізеді. Ал бар ынтасымен қолға алған істерінің барлығы жемісін береді. Өз бағасын білетін, қашанда тек өзіне сенетін өршіл Арыстан қызметінде, мансабында биікке жетелейтін пайдалы мүмкіндіктерді жібермейді. Ал жеке өмірінде үйлесім мен гүлдену кезеңі орын алады.
Бұл жылы Арыстандар айналасындағылардың бәрімен тіл табыса алады. жұлдыздар олардың бойындағы тік мінезділік пен дөрекілікті бәсеңсітеді. Сондықтан тартымды Арыстандармен достыққа, таныстыққа адамдардың өздігінен ұмтылары анық. Десе де жұлдыздар мақтау-мадақ, қол жеткізген табыстарынан басы айналып, өзін жоғалтып алмауын ескертеді.
2017 жылы айбарлы Арыстан да махаббат құрбанына айналады. Олардың жүрегі өзгелер үшін қаншалық жабық болса да, әлсіздік танытып, құлай ғашық болады. Ал Арыстандардың жүрегіне құлағы арқылы жол таба аласыздар. Егер Арыстанның жүрегін жаулағыңыз келсе, қошемет сөздерін жаудырудың қажеті жоқ. Ол үшін еркелете айтқан жұмсақ сөздеріңіздің бірнешеуі ғана жеткілікті.

Бикеш. 2017 жылы Бикештердің өмірінде көп өзгерістер орын алады. оларға бір дүниеге ғана назар аудару, тек бір жоспардың соңынан жүру қиындық туғызады. Бір жағынан, бұл өзгерістер әдеткі өмірін ағымын бұзғандықтан, Бикештердің ызаландырады. Басқа қырынан алсақ, дәл осы өзгерістер өмірін қызықты, жарқын етеді.
Бастысы, бұл өзгерістердің бетін қайтару Бикештердің құзырында емес, оған қауқарсыз да. Сондықтан бұл жағдайларға алдын ала көндігіп, мүмкіндігінше өз пайдаңызға қолдануға тырысыңыз. Жыл бойы тағдыр Бикештерге өмірін жарқын етіп, жаңа сезім, жаңа ой, жаңа таныстықтарға толтыруға талай мүмкіндік береді. Ол мүмкіндіктерді қолдану-қолданбау олардың өз еркінде. Егер қолдана білсе, келер жыл бастан-аяқ қызыққа толары анық. Ал бас тартса, талай мүмкіндікті, өзгерістерді құр жіберіп, артынан бармағына шайнауы мүмкін.
Жұлдыздар Бикештердің аяғы баспаған жерден өз махаббатын табарын айтады. Жаңа ел, жаңа сезім, жаңа достар бұл жұлдыз белгісі өкілдерінің өмірін гүлдендіріп қана қоймай, жүрегін махаббатқа айқара ашып, сезім отын лаулата түседі. Ол, әсіресе, өз жұбын тапқан Бикештерге қатысты. Қызыл Қораз жылы төрт қабырғаға қамалып отырмай, жиі серуендеуге, саяхаттауға тырысыңыз. Тіпті, әмияныңызда соңғы ақша қалса да, оны шет мемлекеттерге саяхаттауға жұмсаңыз. Сүйіктіңізбен әлемді аралап, сезіміңізді, қарым-қатынасыңызды нығайта түсіңіз.

Таразы. Келе жатқан 2017 жыл Таразылар үшін махаббат және шығармашылық арнасында өте сәтті болатынын жұлдыздар уәде етеді. Ал ұйымдастырушылыққа қатысты жоспарлар айтарлықтай табысты бола қоймайды. Өкінішке орай, нақтылық, ұқыптылық және тәртіпті талап ететін кез-келген мәселе аздаған қиындықтар тудырады. Ал ішкі әлеміне, сезімдеріне басы бүтін берілген Таразылар келер жылы жұмысына салғырт қарап, салдарынан ол опық жегізуі мүмкін.
2017 жылы Таразыларға, әсіресе, қаржы операцияларымен айналысуға болмайды. Тәуекелге бел байлаудың қажеті шамалы. Тек биржадағы ойын ғана емес, жылжымайтын мүлік сатып алу немесе несие алу сынды қарапайым мәселелерді өз бетіңізбен шешуге тырыспағаныңыз жөн. Ақылдасып шешу қиындықтар мен қателіктердің алдын алатынын ұмытпағайсыз.
2017 жылы Таразылар жеңілтектігімен, тұрақсыздығымен ерекшеленіп, оңды-солды жүріс жүреді. Десе де бұл жылы өмірлік махаббатыңызды жолықтырып, мәңгіге қол ұстасуларыңыз мүмкін. Бұл ретте махаббатқа құрылған қарым-қатынасты серігіңіздің санынан сапасы артық екенін жұлдыздар ескертеді. Ал отбасылы Таразылар сақтық танытуы тиіс. Егер сүйгеніңіздің сыртынан өзге жанмен сөйлесіп, көзіне шөп салсаңыз, мұның соңы жақсылыққа апармайды.

Сарышаян. 2017 жыл Сарышаяндар үшін сәтті болмақ. Өзіне, өз күшіне сене білетін Сарышаяндар жолында кездескен мүмкіндіктердің барлығын құр жібермейді. Нәтижесінде өмірінде бірқатар оң өзгерістер орын алады. Өзгелері «жеті рет ойлап, бір рет кеспек» үшін біраз уақыт ой соңында жүргенде, салқынқанды Сарышаяндар мақсатына жетудің оңай жолын тауып, күмәнсіз, табысқа қол жеткізеді. Келер жылы бұл жұлдыз белгісі өкілдері діттеген мақсаттары мен жоспарларын жүзеге асыра алады. Олардың бойындағы әр істі саралай шешіп, дұрыстығына көз жеткізіп барып қолға алу қабілеті бұл жылы Сарышаяндар үшін аса пайдалы болмақ. Өзгелердің аяқтан шалуға талпынған кез-келген жымысқы әрекеті Сарышаяндарға зиянын тигізе алмай, қазған орларына өздері түседі. Бұл жұлдыз белгісінде дүниеге келген жандардың ойы – нақты, жауабы – жылдам.
Десе де бұл жылы Сарышаяндар туыстарымен, жақындарымен қарым-қатынасында мұқият болғаны абзал. Өкінішке орай, Сарышаяндар өзіне сенгендей сенетін ең жақын, сенімді адамдары үмітін ақтамай, сатқындық жасауы мүмкін. Оған дайын болуға тырысыңыз.
Келе жатқан Қызыл Қораз жылы Сарышаяндар өз бақытына өзі ұста болмақ. Тағдыр көптеген мүмкіндіктерді қарша боратады. Оларды дер кезінде қолдану не бас тарту Сарышаяндардың өз еркінде. Сарышаяндар бойындағы үлкен күш, жүрегінің кеңдігі оларды тартымды ете түседі. Сондықтан сүйіктіңіздің тарапынан көңіл аз бөлінуінен қорықпаңыз. Басы бос Сарышаяндар жолында кездескен жанның бәріне жүрегін, сырын ашпағаны жөн. Басыңыз ойға, жүрегіңіз сезімег толып тұрса да, олардың барлығын жария етуге асықпаңыз. Шынайы түсініп, ішіңіздегіні қас-қабағыңыздан аңғара алатын жандарды бағалап, шаңырақ құруды ойға алыңыз.

Мерген. 2017 жылы Мергендер бойында бұғып жатқан жаңа дарын мен қырларын байқайды. Оның шығармашылық қабілеті және парасаттылығы көп мүмкіндіктерге есік ашып, талай биікті бағындыруға көмектеседі. Әрине, бұл деген әрбір Мерген 2017 жылы ғаламат дүниелерді жүзеге асыруы тиіс дегенді аңғартпайды. Бірақ олардың қатысуымен жасалған істің қай-қайсы болмасын бұрынғыдан айтарлықтай жақсырақ шықпақ. Ең бастысы, айналысқан істердің барлығы Мергендердің көңілін қанағаттандырып, қызығушылығын арттырады.
Жұлдыздар Мергендердің кез-келген салада табысқа жетіп, айы оңынан туатынын айтады. Шығармашылықтан бөлек, ол жеке кәсіп саласында да айтарлықтай табысқа қол жеткізеді. Кәсіпті де адамнан өзгеше ойлауды талап ететтін шығармашылық ретінде қарастыруға болады. Ал шығармашылық қабілет бұл жылы Мергендер бойында тулайтынын жоғарыда айтып өттік. Сондықтан 2017 жыл Мергендер үшін сәтті болмақ. Қолға алған әр ісіне ынта-шынтасымен кірісетін Мергендердің алар асулары көп.
2017 жылы Мергендер тек өз қызығушылқтарына бар уақытын арнайды. Өз кезегінде дәл осы әрекеті қарсы жыныс өкілдерінің қызығушылығын тудырып, еліктіре түседі. Басқаша сөзбен айтсақ, бұл жылы Мергендерге жаңа таныстар іздеудің қажеті жоқ. Сүйікті ісімен айналысып, саяхаттап, кітап оқып, қызықты тақырыптарды талқылап, театр мен көрмелерге барсаңыз болғаны. Жаңа таныстарды Мергендерді өздері-ақ іздеп табады. Бұл жылы Мергендерге кө салатын жандар қатары көбейеді. Сондықтан қызғаныш нысанына айналуыңыз ғажап емес.

Тауешкі. Жұлдыздар Тауешкілерге 2017 жылы барынша сақ жүруді ескертеді. Бұл жылы үлкен қателік жіберіп, арман-мақсаттарыңыз бен жоспарларыңыздың күл-талқаны шығуы мүмкін. Оның себебі жүрегіңізде тұтанған бір сәттік сезім болуы ықтимал. Өкінішке орай, әдетте ұстамдылығымен, сабырлылығымен көзге түсетін Тауешкілер кенеттен пайда болған сезімге бой алдырып, көптеген қателікке ұрынады. Ең алдымен, қауіп-қатер жеке өміріңізде, махаббат арнасында туындайды. Алып ұшқан сезім Тауешкіні елітіп әкетіп, ұстамдылық пен салқынқандылықтан айырылған олар өз құмарлығының құрбанына айналады.
Осы сынды қауіп қызметінде де күтіледі. Мұнда да аяқ асты пайда болған сезім жетегіне еріп, өкіндіретін істерге барады. Бұл тәрізді жағдайлар мансап жөніндегі жоспарыңызды талқандамасын десеңіз, өзіңізді ұстай біліңіз. Келе жатқан Қораз жылы сезім мен тіліңізге ерік берудің қажеті жоқ. Ал шығармашылық тұрғыдан келгенде, көңіл-күйіндегі мұндай құбылмалылық орынды болмақ. Бұл жылы аяқ асты сурет салу не өлең жазу қабілетіңіз пайда болса, таңданбаңыз.
Келер жылы үнемшіл Тауешкі күтпеген қиындыққа тап болуы мүмкін. Ол құмарлық жетегінде кетіп, отбасыңыз, жоспарларыңыз бен қолға алған істеріңізден қол үзіп қалуыңыз мүмкін екендігімен байланысты. Егер басқа жылдары мұндай тәуекелге барып, дін-аман құтылсаңыз, Қораз жылы қиындықтан сүттен ақ, судан таза күйде шыға алмайсыз. Әр нәрсенің өз орны, шегі бар. Сондықтан кашанда отбасыңыздың жанынан табылып, көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Суқұйғыш. Қораз жылы Суқұйғыштар өмірі қызықты сипат алады. Жұлдыздар жаңа мүмкіндіктер сыйлап, өмірін өзгертуге жағдай тудырады. Мұндай мүмкіндіктер Суқұйғыштардың қатысуынсыз-ақ өздігінен пайда болады. Оларды пайдалану не жіберіп алу Суқұйғыштардың өз ырқында. Өмірді жарқын ету үшін берілген мүмкіндіктердің құр өзі аздық етеді. Ол үшін мүмкіндіктерді дұрыс қолдана білу қажет. Ал ол Суқұйғыштар үшін оңай болмауы мүмкін. Мақсаттарының соңында жүріп, ережелерге, ағсқа қарсы жүзіп, қателіктерге ұрынуы мүмкін. Нәтижесінде табысқа жеткізетін мүмкіндіктердің ізі де қалмайды. Сонымен қатар көптен күткен үлкен табыс үлкен қателікке айналуы ғажап емес.
Аталған жайлар себепті, 2017 жылы Суқұйғыштарға бар тәртіп пен ережеге бағыну қажет. Ол мақстаыңызға қол жеткізуге көмектеспесе де, көптеген бәледен, түзетілмес ағаттықтардан құтқаратынына сеніңіз.
2017 жылы Суқұйғыштар үшін махаббат үлкен айдын іспетті болса, өздері шалғайдағы жағалаудан ғашығын іздеген кеме капитаны рөлінде болады. себебі жыл бойы тынымсыз махаббатын іздеумен әуреленеді. Ал бұрынғы сүйіктілері неліктен көңілінен шықпағанын түсіндіруге қауқарсыз. Басқа сөзбен айтқанда, Суқұйғыштар үшін бұл жыл сезімге толы болмақ. Өз кезегінде берік отбасын, отбасылық бақытты екінші орынға қойып, сезімнің жетегінде еретін Суқұйғыштар үшін мұның зияны басым. бойындағы бұл сезімді бақылауға алып, махаббатын алыстан іздегеннен бұрын берекеге толы шаңырақ құрғаны жөн.

Балықтар. Балықтар үшін келе жатқан 2017 жыл – тосынсыйларға күтпеген жайлар толы. Балықтар қандай жоспар құрып, табандылық танытса да, жұлдыздар өзгерістерн енгізбей қоймайды. Олардың қашан орын алатынын болжау мүмкін емес. Әрине, бұл Балықтар алдағы жылға ешқандай жоспар құрмауы тиіс деген сөз емес. Керісінше, жоспарлау керек. Тек жоспарыңыздың күтпеген жерден өзгеруіне дайын болыңыз. Оллардың еш зияны жоқ. Керісінше, өз пайдаңыз үшін қолдана аласыз. Мұнда, бастысы, өзгерістермен күресуге күшіңізді жұмсамаңыз. Орын алған өзгерістерді мүмкіндігінше дұрыс бағалап, соларға сәйкес жоспарыңызға түзетулер енгізіңіз.
Егер Балықтар бұл кеңеске құлақ асса, тағдырыңыз құндылығы зор сыйлармен қуантады. Ал өзгерістермен күресуге бел шешсе, табысқа қол жеткізері екіталай. Дегенмен күш-қайратын, ерік-жігерін шыңдай алады. Оның да пайдасы жоқ емес.
Келе жатқан 2017 жылы махаббатта өз ұстанымыңыздан танбаңыз және жұмсақтық танытыңыз. Егер сүйікті адамыңыз бар болса, қарым-қатынасыңыздың қаншалықтың берік екендігін тексеруге талпынбасаңыз да болады. Өкінішке орай, өмір оны сіз үшін жасайды. Бір-біріңізге сезімдеріңізді дәлелдеу үшін талай сынақтан өтуге тура келеді. Ол арадағы түсініспеушілік, өзгеге көз салумен байланысты болуы мүмкін. Десе де мұндай сынақ кімнің де болсын басынан өтеді. Егер сезімдеріңіз шынайы, махаббаттарыңыз адал болса, ештеңеден қорқудың қажеті жоқ. Сыннан сүрінбей өтсеңіздер, бір-біріңізді бұрынғыдан артық бағалай бастайтындарыңыз анық.

Stan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста