2020 жыл кімді қуантады: Шығыс күнтізбесі бойынша жұлдыз жорамал

2020 жыл кімді қуантады: Шығыс күнтізбесі бойынша жұлдыз жорамал

Тышқан – шығыс күнтізбесіндегі алғашқы жыл белгісі. Алдағы 2020 жылдың белгісі – металл, ал сәйкестік түсі – ақ. Сондықтан 2020 жыл –ақ түсті металл Тышқан жылы. «Металл» беріктік, төзімділік сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді. Мұндай тышқанға әділдік үшін күрес пен батыл мінез тән. Аталған жыл белгісін өзіңе икемдеу оңай емес және барлық күш-жігеріңізді жұмсауды қажет етеді. Stan.kz шығыс күнтізбесі бойынша жұлдыз жорамалды ұсынады. 

Шығыс күнтізбесі бойынша ақ түсті металл тышқан жылы қашан басталады
Қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл біз үйренгендей 1 қаңтарда емес, қысқы күн тоқырауынан кейінгі екінші ай туғанда басталады. Сондықтан Жаңа жыл уақыты тұрақты емес.

2020 жылы Тышқан жылының басы 25 қаңтарға сәйкес келеді. Аспан асты елінде аталған мейрам екі аптаға созылады. Қытайлықтар алдағы жыл сәтті болуы үшін, жыл белгісіне барынша құрмет көрсетуге тырысады.

2020 жылғы ақ түсті металл Тышқан жылы қандай болады: мүшел жыл мен өзгерістер
Мүшел жылдан көбі қорқатыны рас. Мұндай жылы бәле-жала, жамандық көп болады деп сенеді. Алайда, шын мәнісінде, олай емес. 2020 жыл – неке құру және сәбилі болу үшін қолайлы уақыт. Ақ түс тазалық, шынайылық пен ізгі ниеттің белгісі болып табылады. Жылдың белгісі алға қойған мақсатына адал жолмен жететін, қоршаған ортасын қорғайтын және адамдарға құрметпен қарайтын жандарға көмектеседі. Ал діттегеніне жету жолында адалдықтан аттайтындарды сәтсіздіктер күтеді.

2020 жылы қиындықтар да болады. Мысалы, талабы көп жыл белгісін өзіңе икемдеу үшін, көп күш-жігер жұмсап, тырысу қажет. Егер сіз берік, төзімді, өзіңізге сенімді әрі айналаңыздағыларға мейірімді адам болсаңыз, ештеңеден қорықпаңыз. Тышқан сізге көмектесу үшін бәрін жасайтын болады.

Сонымен қатар қаржы саласында барлығы жақсы болады. Себебі Тышқан ұқыпты әрі молшылықты жақсы көреді. Ауқатыңызды адам жолмен арттырудың жолын іздесеңіз, жыл белгісі сізге қуана жәрдемдеседі.

2020 жылдың екінші жартысында өмірдің көптеген саласында айтарлықтай өзгерістер күтіледі. Сонымен қатар олар сіз күтпегендей әрі жағымсыз болуы мүмкін. Бұл ретте залалын азайтудың жолдары мен бойыңыздағы жағымсыз қуатты қайда жіберетініңізді ойлаңыз. Спортпен шұғылдануды жоспарлап, жаңа хобби тауып, қызықты курстарға жазылыңыз. Бұл сізге қиын жағдайларда ойыңызды бөліп, айналаңыздағыларға жағымсыз әсер қалдырмауға көмектеседі.

Тышқан – қарапайым жыл белгісі емес. Ол – қу, кекшіл әрі жағдайда өз ыңғайына қарай өзгерте алады. Сондықтан жыл бойы сақтық танытқаныңыз жөн. Себебі күнделікті кездесетіндерге қарағанда анағұрлым күрделі әрі ауқымды қиындықтар туындауы мүмкін.

2020 жыл кімді қуантады: Жылқыны табыс, ал Доңызды үлкен махаббат күтеді
Тышқан (1960, 1972, 1984, 1996, 2008 және 2020). Тышқан өз белгісін барынша қорғап, көмектесуге тырысады. Сондықтан сізге өзіңізге сеніп, еңсеңізді тік ұстау ғана керек. 2020 жылы басыңызға түсетін сынақтардың бәрін абыроймен еңсере аласыз.

Сиыр (1961, 1973, 1985, 1997, 2009). 2020 жыл Сиырға оңай тимейді. Оларға бүкіл күш-қуатын түрлі міндеттер мен тапсырмаларды атқаруға жұмсауға тура келеді. Алайда бұл тұрақтылықты сақтауға және маңызды заттарды жоғалтудан құтылуға көмектеседі. Күмәнді табысқа жоламаңыз, Тышқан мұны ұнатпайды.

Барыс (1962, 1974, 1986, 1998, 2010). Тышқан жылы Барыстарды отбасылық өмірде және жақындарымен қарым-қатынаста қиындықтар күтуі мүмкін. Егер мәмілеге келуге тырыспасаңыз және мәселені шешудің жолын бірлесіп іздемесеңіз, қиындықтар мен өкінішті сәттер ұзақ күттірмейді. Ақылды әрі ұстамды болыңыз.

Қоян (1963, 1975, 1987, 1999, 2011). Бұл жылы көп нәрсенің өзгертуге тырыспаңыз. Күрт өзгерістерге жол бермеңіз, рухани тұрғыда дамып, жылды өзіңізге арнаңыз. Жаңа қабілеттеріңізді ашып, жаңа хобби табуға тырысыңыз. Бастысы, олар жаныңызға тыныштық сыйласа болғаны.

Ұлу (1964, 1976, 1988, 2000, 2012). 2020 жыл Ұлуларға оғай болмайды. Өзіңіз мінсіз санайтын дүниелер үшін соңына дейін күресіңіз. Өміріңіздегі кей нәрселерді жоғалтуыңыз мүмкін. Алайда сенімділігіңіз бен ниетіңіз арқылы жоғалтатын дүниелеріңізді азайта аласыз. Тек басшылықпен жанжалдан аулақ болыңыз.

Жылан (1965, 1977, 1989, 2001, 2012). 2020 жылы Жылан Тышқанның тиянақтылығы мен өзінің пайдасының арасынан үйлесім табады. Бұл жыл оңай болмайды. Алайда барлығын өз пайдаңызға шеше аласыз. Әр нәрсенің мән-жайына назар аударыңыз.

Жылқы (1966, 1978, 1990, 2002, 2014). Аталған жыл белгісі өкілдері үшін 2020 жыл сәтті болады. Бастысы, өзіңіз бәрін бүлдіріп алмаңыз. Ол үшін эмоцияға аз беріліп, әр нәрсені ақылға салып шешіңіз. Ол жанжалға жол бермеуге көмектеседі. Сонымен қатар отбасыңызға арнайы уақыт бөліңіз. Керісінше жағдайда, араларыңыз алшақтауы мүмкін.

Қой (1967, 1979, 1991, 2003, 2015). Кәсібилігіңіздің артуы аяққа нық тұруыңызға көмектеседі. Алайда барлығы сіз қалағандай мінсіз бола бермейді. Аузыңыздан шыққан әр сөзге абай болыңыз. Айналаңыздағы адамдарға жеке өміріңіз туралы көп айтпаңыз.

Мешін (1968, 1980, 1992, 2004, 2016). Түйсігіңізге сеніңіз. Ол сізді алдамайды және алдағы уақытта көп кездесетін қиындықтарда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Асығыс шешім қабылдамаңыз. Десе де ұзаққа созбағаныңыз да жөн.

Тауық (1969, 1981, 1993, 2005, 2017). Менмендік пен атаққұмарлығыңызды басуға тырысыңыз. Сонымен қатар ұрысып қалған адамдармен қарым-қатынасыңызды реттеңіз. Себебі дәл сол жандар қиындықтардан шығуға көмектесуі мүмкін. Сондай-ақ, көмектен бас тартпаңыз. Және денсаулығыңызға мән беріңіз. 2020 жылы денсаулығыңызды ерекше күткеніңіз жөн.

Ит (1958, 1970, 1982, 1994, 2006, 2018). 2020 жылы түрлі жағдайларға тап болуыңыз мүмкін. Бұл мүшел жыл екенін ойламауға және өміріңізде орын алған жайттарға ықпал етуге тырысыңыз. Қиындыққа душар болғанда ағыспен жүзбеңіз. Алайда ағысқа қарсы жүзудің де қажеті жоқ – көп күш жоғалтасыз.

Доңыз (1959, 1971, 1983, 1995, 2007). 2020 жылы Доңыздарды үлкен, кіршіксіз таза махаббат күтеді. Алдыңызда кездескен алғашқы қиындықтарда-ақ махаббатыңыздан айырылып қалмауға тырысыңыз. Әрі қарай барлығы өздігінен реттеліп, басыңызға бақ қонғанын түсінесіз.

Тышқан жылы дүниеге келген балаларды не күтеді
Тышқан жылы дүниеге келген балалар отбасына жақын болады. Олар есейгенде де отбасын ерекше қадірлеп, ата-анасын тастамай, жанында тұрады немесе жиі қонаққа келетін болады. Олар жылдам өсіп, өз діттегеніне қол жеткізу үшін айналасындағы адамдарды басқаруды үйренеді, сонымен қатар мақсатына жетудің амалын табуға қабілетті. Бұл балалар қарапайым болғанымен, оның артында нағыз көшбасшыға тән мінез жатыр. Ата-анасы оларға дұрыс жол көрсете біліп, уақыты мен күш-қуатын аямай, дұрыс тәрбие беруі қажет. Тышқан өзінің қамқорындағы жандарға жақсылық әкеледі. Сондықтан жыл сәтті болып, қиындықтар айналып өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста