8 наурызда қандай гүл сыйлаған дұрыс

8 наурызда қандай гүл сыйлаған дұрыс

8 наурыз – көктемнің басты мерекелерінің бірі. Ол сұлулықты, нәзіктікті және жаңа нәрсенің басталуын бейнелейді. Бұл күні дәстүр бойынша барлық әйел әдемі гүлдер мен жағымды сыйлықтар алады.

 

Одан бөлек 8 наурыз тек нәзік жанды арулардың ғана емес, флористердің де мерекесі екені сөзсіз. Себебі мереке қарсаңында олар алдын ала атаулы күнге дайындалады. Гүлдің түрлі композицияларын жинайды.

 

 

Мерекеге орай елордалық гүл дүкенінің флорисі Руслан Мамитовпен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне дайындық барысы жайында, аруларға қандай гүл сыйлауға болатынын және гүлді қалай күту қажеттігі туралы сұхбаттасып көрдік.

 

 

1 наурыздан бастап мерекеге дайындалып жатырмыз. Қандай гүлдерді жинау керек, оны қалай дайындау керектігін алдын ала жоспарлаймыз. Сондай-ақ қызғалдақтар тапсырыс бойынша 1 наурыздан бастап шетелден келе бастайды, - дейді ол.

 

 

Флористер мереке қарсаңында, яғни 7-8 наурызда демалыссыз жұмыс істейді.

 

 

Қызғалдақ – көктемнің гүлі. Яғни тек көктемде бір ай ғана өседі. Негізі қызғалдақтар мен мимозалар дәстүрлі көктемгі гүлдер болып саналады. Халықаралық әйелдер күніне гүл таңдауда ешқандай шектеулер жоқ, сіз өзіңізге ұнайтын кез келген букетті таңдай аласыз. Бұл күні ханымдарды раушан, хризантема, лалагүл, қалампыр, гербера және басқа да гүлдермен құттықтаған орынды.

 

 

Өзімнің естуім бойынша әр елдің өзінде өсетін гүлдері бар. Қазақстанды қызғалдақтың елі деп атайды. Себебі бұрындары біздің жерімізде қызғалдақтың екі түрі өскен. Олар қызыл және сары түсті қызғалдақтар. Кейін голландиялық ғалымдар келіп зерттеп, қызғалдақтың басқа түрін өсіре бастады, - деп айтты Руслан қызғалдақтың тарихы туралы.

 

 

Оның сөзінше, көктемде ғана өсетін қызғалдақтан басқа да гүлдер бар. Олар да тек бір ай өседі. Мысалы, мемоза, сцилла.

 

 

Қазақстанда қызғалдақ өсіретін жерлер көп. Дегенмен біз қызғалдақтарды Голландиядан тапсырыспен алдырамыз. Себебі ол жақтан келген гүлдер ұзақ сақталады, - дейді флорист.

Қызғалдақты қалай күту керек?

 

Қызғалдақ салқын суды жақсы көреді. Оған мұз да салуға болады. Одан бөлек, гүлді суға салардан бұрын түбін кесіп отыру қажет. Бұл тек қызғалдаққа ғана қатысты емес, кез келген гүлдің күтімі осыны қажет етеді. Гүлдің суын күніне бірнеше рет ауыстырып отыруға болады, - деп түсіндірді флорист.

 

 

Оның айтуынша, қызғалдақ негізінен 8 рет ашылып, 8 рет жабылады. Адамдар сияқты күндіз оянады, ал түнде ұйықтайды. Сегізінші күннен кейін күніне бір жапырақтан түсе бастайды.

 

 

Сонымен қатар, көктем келгенімен әлі де үйде жылу жүйесі қосылып тұр. Сол үшін гүлдерді +10-11 ауа температурасында сақтаған дұрыс.

 

 Қандай гүл сыйлаған дұрыс?

 

Қызғалдақтар бұл мерекеде дәстүрлі гүлдер болып саналады, олар нәзіктікті, талғампаздықты және көктемнің келуін білдіреді. Сондай-ақ, бұл күні мимоза жиі беріледі. Жалпы әдемі букет жасау үшін түрті түсті өсімдікті қолдануға болады.

 

 

Үлкен жастағыларға, мысалы 45 жастан асқандарға қызыл, сары түсті, жас қыздарға ашық қызыл, ашық түсті, ал аналарымызға ақ, қызыл түсті гүлдерді сыйлауға болады. Өзімнің 8 наурызда гүл сыйлайтын жақындарым өте көп. Анам, әпкелерім, әйелім, қыздарым бар. Бәріне қызғалдақ сыйлап, қуантамын деп отырмын, - дейді Руслан Мамитов.

 

 

Гүлдердің түстері де кей жандар үшін өте маңызды. Гүлдер ассоциативті түрде қабылданады, мысалы, қызыл ыстық, ал көк суық. Әдемі жиналған букеттің көмегімен демалуға, романтикалық көңіл-күйді орнатуға болады.

 

 

* Ашық гүлдер – тазалықты, шынайылықты, адалдықты білдіреді;

 

* Қызыл гүлдер –махаббаттың белгісі;

 

* Қызғылт гүлдер – талғампаздық пен романтиканы, ұстамдылық пен нәзіктікті көрсетеді;

 

* Сары гүлдер – қамқорлық, үміт пен сенімнің көрсеткіші;

 

* Шабдалы және апельсин түстес гүлдер – қарапайымдылықты, ұстамдылықты білдіреді;

 

* Көк түстес гүлдер – жұмбақтың көрінісі;

 

* Күлгін гүлдер талғампаздық пен даналықты білдіреді;

 

* Қоңыр қызыл гүлдер сенім, мақтаныш және жетістікті көрсетеді.

 

 

 

Бүгінгі күні бір қызғалдақтың бағасы 350 теңгені құрайды. Алдағы күндері 400-450 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін. Былтыр олардың бағасы 500-600 теңге болды, - дейді флорист Руслан Мамитов.

 

 

Ол атап өткендей, көктем мерекесінде әйелдер қауымына бөлме гүлдерін де сыйлауға болады. Тіпті кактусты да сыйлық ретінде беруге болады.

 

 

Сонымен қатар флорист қанша тал гүлін сыйлаған орынды болатынын айтты.

 

 Гүлді әдемі етіп орауға шамамен 15 гүл шоғына 3-4 қағаз кетеді. Нәзік жанды аруларға 15 талдан жоғары гүл шоқтарын сыйлаған жөн. Бір букет гүлде үш, бес, жеті түсті қызғалдақты қосып жинауға болады, - деп түсіндірді ол.

 

 

Руслан Мамитовтың айтуынша, биыл ерлер қауымы тарапынан гүлдерге сұраныс өте жоғары. Әсіресе наурыз қызғалдақтың айы болғандықтан осы гүлдерге тапсырып беріп жатқандар көп. Жыл сайын жігіттер тарапынан гүлдерге қызығушылық артып келеді.

 

 

 

 

 

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста