Адам организімінің ең ыстық нүктесі анықталды

Адам организімінің ең ыстық нүктесі анықталды

Адам денесінің температурасы түрлі бөліктерінде әрқалай болатыны белгілі. Француз ғалымдары организмдегі ең ыстық нүктені анықтай алған екен әрі адамның аяқ-қолының жылу деңгейі қоршаған орта температурасына қарай неліктен өзгеріп отыратынын да біле алған.

 

Бұл жайында islam.kz порталы шетелдік ғылыми мерзімді басылымдарға сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген Париж университетінің ғалымдары анықтағандай, адам организміндегі ең ыстық нүкте организмнің сыртында емес, ішінде болып шықты. Дәлірегі, барлық жасушада кездесетін митохондриядағы температура жоғары болып шыққан.

 

Митохондрияның (бұл терминнің анықтамасын төменде келтірілген itest.kz дерек көзінен біле аласыздар &ndash ред.) ыстық болуы себебі ондағы глюкоза мөлшерінің және организмнің өмір сүру процесіне қажетті энергияға айналдырылатын өзге де қоректік заттардың көп болуымен байланыстырып түсіндіріп отыр.

 

Митохондриядағы температура 50 градусқа дейін барады, алайда, ондағы ыстық жасушалар мен организмнің температурасына әсер ете алмайды. Өйткені, митохондрия арнайы қаптамамен қапталған.

 

Генетиктердің айтуынша, аталмыш жаңалық ғылыми маңызды қадам саналады, неге десеңіз, бұл ақпарат өз кезегінде қатерлі ісіктің табиғатын тани түсуге әрі онымен күресуге септігін тигізуі мүмкін.

 

Қосымша мәлімет:

 

Қандай жағдайда организм температурасы өзгереді? Бұл сауалды не үшін қойып отырмыз?

Өздеріңіз білесіздер, адам денесінің аяқ-қол секілді кей дене бөліктері қоршаған орта әсерімен бірде ысып, бірде суып отырады, соған қарамастан адам денесінің температурасы бұдан өзгермейді. Бұған мынадай факторлар өз әсерін тигізеді. Атап айтқанда, қан айналымы.

 

 

Мәселен, қолтық асты, шынтық бүгілетін тұс, мойын маңы, тізенің артқы ойығы секілді лимфа түйіндері орналасқан аймақтарда температура жоғары болып келеді, адам денесінің өзге аймақтарымен салыстырғанда. Өйткені, бұл аймақтарда қан айналымы жақсы.

 

Екіншіден, организмдегі қабыну да дене температурасының көтерілуіне түрткі болатын факторлардың біріне жатады. Сондай-ақ, термореттеуші факторы: мәселен, аяғыңыз суық суда болып, денеңіздің қалған бөлігі жоғары температура жағдайында тұрса, денедегі температураның «тепе-теңдігі» қан айналымы арқылы қамтамасыз етіледі.

 

МИТОХОНДРИЯ &minus МЕМБРАНАЛЫ ОРГАНОИД

 

Митохондриялар (грекше митос &mdash жіп және хондрион &mdash түйіршік) &mdash жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі.

 

Мнтохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер насекомдардың Бұлшық еттерінен байқады, оған «саркосома» деген термин берді (Бұлшық еттегі митохондрияларды осы кезге дейін осылай атап жүр).

 

Альтман (1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластылар» деп атады.

 

Бенде 1898 жылы Бұл органоидка митохондриялар деген ат берді.

 

Михаэлис тірі клеткалардың митохондрияларын жасыл янус бояуымен бояп, олардың клеткадағы тотығу процестерімен байланысы бар екенін атап көрсетті.

 

 

Тіршіліктегі митохондриялардың көлденең қимасының электронмикроскопиялық суреті

 

Митохондриялардың көлемі тұрақты емес, сондықтан да олардың сыртқы пішіні әркез өзгермелі келеді. Көп клеткаларда олардың қалыңдығы тұрақты (0,5 мкм), ал ұзындығы тұрақсыз (жіпше тәрізді митохондриялар) 7&mdash10 мкм-ге дейін жетеді. Митохондриялардың шын көлемін жарық микроскопымен анықтау қиын. Электронды микроскоппен митохондриялардың жұқа (400&mdash500 А°) кесінділерін тексеру арқылы да оның көлемін дәлелдеу оңайға түспейді. Сондықтан да мүмкіндігінше митохондриядан алынған көптеген жұқа кесінділердің реконструкциясын (кеңістіктегі көлемі) жасап, оның нақты көлемін анықтауға болады.

 

Митохондрияның құрамында белоктар (65&mdash70% құрғақ салмағының) липидтер (25&mdash30%), нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РІНҚ) витаминдер және т. б. енеді.

 

Митохондрияның құрамына енетін белоктардың көпшілігі &mdash тотығу процесін қамтамасыз ететін, матриксінде және ішкі мембраналарына орналасқан ферменттер. Митохондриялардың қызметі осы ферменттерге байланысты.

 

Митохондрияның сыртқы мембранасының кұрамындағы белоктар 20% болса, ал ішкі мембранасында 75%-ке дейін жетеді, мұның өзі оның басқа клетканың мембраналарына карағанда ерекшелігін көрсетеді. Митохондрияиың сыртқы мембранасы көрсеткіштері жағынан эндоплазмалық торға ұқсас. Сыртқы мембранада және мембрана аралық кеңістікте тотығу процесіне қатысатын ферменттер аз болады. Сонымен митохондриядағы ферменттер клетканың тыныс алуына қажетті ферменттер болып табылады. Митохондрияның матриксінде «Кребс» цикліне қатысатын ферменттер шоғырланады. Ішкі мембранасында электрондарды тасымалдайтын тізбек және фосфорландыру процесіне қатысатын тасымалдау ферменттері (АДФ-тен АТФ) орналасады. Митохондрияда органикалық субстраттардың тотығуы және АДФ фосфорлануы нәтижесінде АТФ синтезделеді, сондықтан да митохондрияны клетканың күш беретін стаициясы деп атайды. Клеткадағы тотығу және энергия жинау процестері бірнеше кезеңмен жүреді.

 

Митохондрияның негізгі қызметі &minus энергия көзі &minus АТФ молекуласын синтездеу

 

 

Электрондық микроскоп деректері бойынша жасалған митохондрия құрылысының сызбанұсқасы 1. Сыртқы мембрана 2. Ішкі мембрана. 3. Матрикс. 4. ДНК. 5. Түйіршіктер. 6. Мембраналық кеңістік.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста