Ағзаңыз қалдықтарға толып қалса...

Ағзаңыз қалдықтарға толып қалса...

Жылдар бойы жинақталған зиянды қалдықтардан тазарған ағза жасарып, сол арқылы өмірді де ұзартатыны белгілі. Ал ағзаны қай кезде тазарту керек? Бұл жайлы «Ауырмаңыз!» газетінің оқырмандарына Оңтүстік Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы бас дәрігерінің орынбасары Захиджан Рүстемов түсіндіріп береді.

1. Күш-қуат таусылып, жиі шаршау ағзаның токсиндерге толып қалғанын білдіретін алғашқы белгі. Әсіресе таңертең ұйқыдан оянғанда-ақ қажып, шаршағаныңыздың басылмағанын сезінсеңіз, ал бірер сағаттан соң әлсірей бастасаңыз, онда тез арада асқазан мен ішек, өт жолдарын, бауырды тазарт­қан жөн.

2. Бас себепсіз жиі ауырса, үнемі ауырсынуды басатын дәрі ішуге ту­ра келсе, онда тоқ ішек пен бауырды, буындарды, тамырларды тазартатын тәсіл қарастырғайсыз.

3. Майлы ас жегенде жүрек айнып, ас нашар қорытылса алдымен бауырды, сосын өт жолдары мен ішектерді тазартқаныңыз дұрыс. Өт қабында тұз, құм мен тастың бар-жоғын анықтаңыз.

4. Іштің жиі қатуы да ағзаның толықтай қалдыққа толып, дұрыс жұмыс істемеуінің белгісі. Бұл жағдайда асқазаннан бастап аш ішек, тоқ ішек, бауыр мен өтті түгел тазартуға кіріскен абзал.

5. Алақан мен табанның қызуы да ағзаның токсиндерге «бай» екенін білдіреді. Содан дене температурасы артуы, табанның үнемі (әсіресе кешке) қызуы байқалады. Тезірек токсиннен арылуға асықпасаңыз, ол жүрек пен қан тамырларының жұмысын бүлдіреді.

6. Тіліңізде сары немесе ақ дақ болса, ол көп ұзамай ауыздан жағымсыз иіс шығуына себеп болады. Өйткені ағзада жинақталған қалдық тілге де белгі береді, сондай-ақ іштегі жайсыз иісті ауыз қуысы арқылы сыртқа «айдайды».

7. Мықында май жиналса, қалдықтардың көбеюінен зат алмасуы бұзылған болуы мүмкін. Ол қандағы глюкоза мен холестерин деңгейінің қалыпты мөлшерден артуына жол ашады.

8. Теріңіз құрғақ тартып, қабыршақтанса, бөртпе-безеу пайда болса, жасанды ас түрлерін шектеп, бауыр, бүйрек, буын, тамырлар, асқазан мен ішек, тіпті тамырларды да тазартуға тезірек кіріскеніңіз жөн. Сонда мезгілінен бұрын қартаю мен ашушаңдықтан аман боласыз.

9. Ұйқысыздық та ағзаның түрлі қалдықтарға толып қалғанын білдіретін белгінің бірі.

Ал ағзаны тазартудың қай тәсілі тиімді екенінін дәрігермен ақылдасқан жөн.

Ж. ҚАСЫМ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста