Әйелдер мінсіз төсек қатынасы қанша уақытқа созылуы тиіс деп санайды?
Saucy Dates сайты жүргізген саулнама нәтижесінде әйелдердің мінсіз төсек қатынасы қанша уақытқа созылуы тиіс деп санайтыны анықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ер азаматтар мен нәзік жандылардың жыныстық қатынастың ұзақтығына қатысты қалаулары бір жерден шыққанымен, олардың шындыққа жанасуы екіталай. Зерттеуге 3836 адам қатысқан. Әйелдердің көзқарасы бойынша мінсіз төсек қатынасының ұзақтығы 25 минут 51 секунд болуы тиіс.
Ал ер азаматтар 25 минут 43 секундқа дауыс берген. Дегенмен ғалымдар мұндай жыныстық қатынас ұзақтығы көп жағдайда мүмкін болмайтынын алға тартуда. Олардың зерттеуіне сәйкес, АҚШ-та ең ұзақ төсек қатынасы 31 жастағы азаматтар үшін 17 минут 5 секундқа созылса, британдықтар арасында орта есеппен 16 минут 58 секундқа барған.