Әйелдер жыныстық қатынастан ең көп ләззат алатын жас қандай
Ғалымдар әйел адамдардың қанша жаста жыныстық қатынасқа түсіп, одан барынша ляззат алатын жасын анықтады. Олардың пайымдауынша, нәзік жандылар 36 жасында төсек қатынасынан барынша қанағаттанады екен деп жазады grodno24.com-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Зерттеуге екі жарым мыңнан астам әйел адам қатысқан екен. Зерттеу барысында оларды 23 жасқа дейінгі, 23-35 жас аралығындағы және 36 жастан жоғары жасқа бөлген көрінеді.
Оның нәтижесіне сәйкес, жиырма жастан енді асқандар өздерін сексуалды жағынан сенімді сезініпті.
Ал 36 жастағы әйелдер жыныстық қатынастан толығымен ляззат алатынын жеткізген. Сонымен бірге осы жастағылардың 86 пайызы соңғы бір айда өздерін толығымен қанағаттандыратын жыныстық қатынаспен айналыспағандықтарын айтқан.
Жас топта бұл көрсеткіш 56 пайызды құраса, орта топтағылар – 67 пайыз көрсеткішті көрсеткен.