Әйелдердің денсаулығына зиянды киімдер

Әйелдердің денсаулығына зиянды киімдер

Күні бойы шапқылаудан кешке үйге арқаңыз ауырып, биік өкшелі аяқ киімнен шаршап келесіз бе? Аяқты тырыстырып тұратын джинс шалбарын шешкенде рахаттанып қаласыз ба?

Гардеробтағы сәнді киімдердің денсаулыққа тигізер зияны да бар екен.

Тар джинс шалбары. Нерв жүйелерінің қысылуы – денсаулыққа келетін зиянның бастамасы ғана. Ал, сіздің мүсініңізді айшықтап тұратын сүйікті тар шалбарыңыз тек нерв жүйелерін қысып, қан тамырларының жұмысын баяулатып қана қоймай, ағзада зат алмасуды тежейді, жүрек соғысына да әсер етеді. Сондықтан шалбар таңдауда кеңіне қарай жүгіргеніңіз дұрыс.

Мүсінді айшықтайтын іш киімдер. Белдегі, бөкседегі артық майды жасырып, беліңізді қыпша ететін бандаж, корсет сияқты іш киімдер көптеген қыздың сүйікті киіміне айналған. Бұл киімдерді күнделікті тастамай киетін болсаңыз, тез арада олардан арылғаныңыз абзал. Өйткені, бұл іш киімдер денсаулыққа джинс шалбарларынан екі есе көп зиян келтіреді.

Төстартқыштар. Жұп-жұмыр және кеудеде көтеріліп тұратын төсті қай қыз армандамасын? Кеудені көтеріп, төсті көлемді етіп көрсетеді деген ниетпен қыздардың басым бөлігі өзіне тар төстартқыштарды қолданады екен. Салдарынан омыртқаға күш түсіп, қисаюына алып келеді, кейде ауырады да. Сүт бездері қысылып, жұмыс істеу қалпына зақым келеді, төстің формасы да бұзылады. Өз мөлшеріңізді анықтап, соған лайық төстартқыш таңдаңыз.

Биік өкшелі аяқ киім. Бұл туралы аз айтылып жүрген жоқ. Биік өкшелі аяқ киіммен күні бойы жүретін қыдарға аян, оны шешкенде «үуф» деп алады. Аяқтың қажалуы, ойылуы, арқаның, омыртқаның ауыруы – бергі жағы ғана. Аяққа салмақ әдеттегіден көп түскендіктен балтырдың қан тамырлары кеңейіп, варикоз пайда ауруы болады, табан сүйектері жалпайып кетеді.

Қол сөмкесі. Ия, бұл да зиян келтіретіндер қатарына жатады. Егер сіз қол сөмкеңізге кітап, планшет, телефон, әмиян, косметика жиынтығын, кілт, қойындәптер, одан да басқа керек-жарақтарды толтырып алып, бір иығыңызға асып жүретін болсаңыз, омыртқаңыз қисайып, бір жаққа қарай бүгіліп жүруді әдетке айналдыруыңыз мүмкін. Сондықтан қол сөмкеңіздің шағын әрі жеңіл болуын қадағалаңыз.

Деніңіз сау болсын!

aikarakoz.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста