«Айқапты» кімдер шығарды?

«Айқапты» кімдер шығарды?

Биыл «Айқап» журналының жарық көргеніне 100 жыл толыпты. Бұл басылымда кімдер жұмыс атқарып, қандай мәселелер көтерілген?
Нұрлыбек,
Қызылорда
Зерттеушілердің нақты деректе­ріне сүйенсек, «Айқап» журналы Ре­сей­дің Троицк қаласында 1911 жыл­дың қаң­тар айында тұсауы кесіліп, 1915 жыл­дың қыркүйек айына дейін шы­ғып тұрды. Алаштың айтар ойын ашық жет­кізген «Айқап» журналының шығуына қа­зақтың белгілі ақыны, жур­налист, жазушы Мұхаметжан Се­ралин сынды қай­раткер тұлғалар се­бепкер болған. Қазақ ұлттық баспасөз та­рихындағы тұң­ғыш журнал ең ал­дымен халықты оқу-білімге ша­қы­рып, ағартушылық дәстүрді нысана етті.
Журналдың тұңғыш нөмірінде Ах­мет Байтұрсыновтың әйгілі «Қазақ­тың өкпесі» деген мақаласы жария­лан­­ды. «Айқап» журналы бас­қар­масында Мұ­хаметжан Сералинмен бip­гe сол тұстағы танымал ақын, жа­зу­шы, дра­матург Әкірам Ғалымов, бел­гілі ақын, жур­налист Мұха­мед­сәлім Кәшімов, көр­некті ақын Сұл­тан­махмұт То­рай­ғыров еңбек етіп, өз шығармаларын жа­риялап тұрды. Мағ­жан Жұ­ма­баев­тың, Сәбит Дө­нен­таевтың, Сәкен Сей­­фул­линнің, Tahиp Жомарт­баев­тың, Мір­жақып Дулатов­тың, Қошке Ке­­мең­геровтің, Ах­мет Мәметовтің, Мұстақым Мал­ды­баевтың, Кен­же­ғали Ғаб­дул­лин­нің, Самат Әбішевтің, Бай­батыр Ер­жановтың алғашқы өлең­дері «Ай­қап­та» жарық көрді. Жур­нал со­ны­мен бip­гe аударма әде­биет­ке де на­зар ау­дарды. Бұған Ә.Фер­доусидің «Шах­на­ма» эпо­пея­сы­нан ауда­рыл­ған «Рүс­тем-Зораб» та­ра­уы, жазушы Ли­­ха­нов­тың «Манап» дра­масы, И.Кры­ловтың, М. Лер­мон­товтың, А. Пуш­киннің, А.Че­ховтің, А.Со­ро­кин­нің қа­зақ­ша­лан­ған еңбек­те­рі мы­сал бола алады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста