Әкенің беделі қалай өседі?

Әкенің беделі қалай өседі?

Қазақтың қабырғалы жазушы қызымен әңгімелесіп отырмын. Бір кезде тақырып бала тәрбиесіне ойысты. Біз «Әке – асқар тау» деген сөздің мәніне үңілдік пе осы?» дейді жазушы апайым. «Айтыңызшы», – деймін мен.
«Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал» дейді ғой Абай атам. Сондықтан жазушының аты-жөні емес, сөзін алдыға шығардық. Айтпақшы, әңгіме лебізінен бұл жазушының кім екенін білсеңіз, мақала соңына жазып қоярсыз. Сыйлық жоқ, әшейін өзіңізді тексеріп, қызық болсын деп… Қош, бізге керегі жазушының бала тәрбиеі хақындағы сөзі емес пе?!
«Әке үйдегі ұсақ-түйектің бәріне араласпауы керек. Көп міндет анаға, сосын баланың өзіне жүктеледі. Қазір көп әке баласының қызметшісі секілді. Тамағын ішкізіп, киімін киіндіріп, «анау керек пе?», «мынау керек пе?» – деп елпек қағады. Жоқ, үш-төрт жасынан бастап баласы әкесіне қызмет қылуды үйренуі керек. Оған қызмет қылдыратын – анасы. «Әкеңнің киімін әпер», «әкеңнің аяқ киімін дұрыстап қой», «әкеңді тамаққа шақыр» деген секілді қолдан келер шаруаларды үнемі тапсырып отыруы тиіс. Күйеуінің қызметіне жүгіріп жүрген ананың балалары әкеге қызмет қылуды тез үйреніп алады.
Негізі балалардың алдында әкенің беделін көтеретін ол – балалардың анасы. Баяғыда «әкең келе жатыр…» деген бір ауыз сөз үйдің ішін орнынан тік тұрғызып дереу ретке келтіре қоятын. Қорыққаннан емес, сыйлағаннан, құрметтегеннен. Қыздар тіпті әкенің алдында әлем-жәлем болып ашылып, шашылып жүрмейтін де. Жүргені былай тұрсын әкесінің мойнына тұтас денесін салып асылмайтын. Сөздің шынына көшсек күйеуге тигенге дейін қыздың қытығы бойында болады. Ер адамдардың оны албаты ұстауына болмайды. Әке мен қыздың арасында үнсіз түсіністік болатын. Оны да қалыптастырған анасы.
Мен де қыз өсіріп отырмын. Біздің отағасы қазақы болмысы бойында, білімі де мол һәм беделді кісі. Сол кісінің әрекеттеріне қарап риза боламын. Қызым үйде болса ешқашан тізесін ашып шортикпен отырмайды. Таңертең жатын бөлмеден жуынатын бөлмеге шортикпен бару үшін есікті ақырын ашып «қызым жүрген жоқ па екен» – деп қарайды. Егер қызымыз оянғаны білінсе дереу шалбарын киіп шығады. Бұл әдет қызымыз үлкейгенде емес, дүниеге келгеннен басталды десем еш артықтығы жоқ. Шынын айтсам, сол жалғыз қызымызды еркелеткенде әкесі қызынан бір адым алыс тұрып шашының ұшынан ептеп ұстап искейді де, «пах, рахатын-ай!..» – деп қояды, болды. Мен қыздарының бетінен сілекейлеп, келер-келмес құшақтап жататын әкелердің қылығын түсінбеймін, тіпті денем тітіркенеді. Сосын қазақта әкесі қызын (кішкентай кезінде де) ұрмайды, қатты ұрыспайды, оны білетін шығарсың.
Отағасы ұлымен ай өткізіп бір әңгімелесіп қояды. «Көп айта берсем «мыжыма», «қырт» болып көрінем, бала мезі боп кетеді» – дейді. Ұлымыз кейін әңгімені өзі бастап, ақылдасатын істерді ортаға салып отыратын болды. Бізді, айнала туысты сыйлауы, білімі, мәдениеті Аллаға шүкір деп айтайын, жақсы. Ризамын. Аллаға әрине!
Ағасы мен қарындасы арасындағы сыйластық та жақсы қалыптасты. Әкесі қызымызды ағасын «аға» деп айтуға әдеттендірді. Бұл қатты керек екен. Қазір балаларың арасы бір жас болса да үлкенін «аға» деп айтуға әдеттендір. Нәтижесін кейін көресің бұйырса.
Тағы бір нәрсе айтайын, былай да ұрсыспаған жақсы ғой, десе де балалардың көзінше анасына ұрса көрме. Беделін түсіресің. Сөзін тыңдамайды. Анасының сөзін тыңдамаса өзің араласуға тура келеді. Ол деген асқар тауыңыздан түсіп келіп балалармен тәжікелесу деңгейінде болу деген сөз. Ана деген балаға әкені құпия көрсетіп тұрған қақпа ғой, ол қақпаны өзің сындырсаң сізге төтесінен «шабуыл» басталады. Андағайлап келген ашу құпия құрметтің тас-талқанын шығарады. Одан кейін баланың сізді сыйлауы қиындау. Қорқатын шығар, бірақ сыйламайды. Осы есіңде болсын!».
П.С: «Отбасында әкенің беделі қалпына келмей бала тәрбиесі түзелмейді» – деп еді бір сұхбатында Тұсын Жұртбай ағам. Ал, жазушы апайым сол әке беделі қалай өсетіні туралы құр фәлсәпа емес, өз отбасы, өз өмірінен мысал ала отырып нақты және қадап-қадап айтты. Ойланып қалдым…
Ұларбек Нұрғалымұлы
namys.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста