Алғашқы неке түні қалай болуы керек?
Неке түнін естен кетпес ету үшін қалыңдықтарға кеңес
Назды қылық
Еркелеңіз, еріңізді біраз еліктіріңіз, қылығыңызбен қызықтырыңыз.
Иіс
Бұл түні исіңіз ерекше болсын. Өйткені, дәл иіс адамды демалдырып, шаршағанын басады, құмарын арттырып, құштарлық танытуда да рөлі зор. Ал неке түні болатын бөлмені ароматты майшамдармен сәндеп қою да артық етпейді.
Бір сәт ханшайым болыңыз
Ханзадаңыз аялы алақанына салып алып барғысы келсе, рұқсат етіңіз. Ал сіз оған массаж жасап берсеңіз болады.
Массаж
Жігітіңіз, ендігі күнде жолдасыңыз ләззат алатындай етіп массаж жасаңыз. Қолыңыздан келгенді аямай, бар өнеріңізді ортаға салыңыз.
Әуен
Әдемі әуен ырғағығымен наздана билеген қос ғашық… Неге сіздерге махаббат биін қайта билемеске?!
Жаңа төсек жабдықтары
Төсектеріңіз таза, нәзік түсті болсын.
Тамақ
Енді екеуіңіз бір бүтін болдыңыздар. Бір-біріңізді тамақтандыру жақындасуға бастайтын алғашқы қадам.
Мызғымас некенің бастамасы, бастапқы ғажайып түндеріңіздің ерекше өтуі ендігі кезекте өздеріңізге байланысты. Бастысы, ұялмай, бұл күннің тамаша өтуіне ат салысыңыздар. Осы негізде аталмыш түн үшін жақсылап дайындалғандарыңыз дұрыс. Ал романтикаға толы кеш кімге ұнамасын?
anabol.kz