Анасының қызына айтқан кеңесі
Қызым,саған қырық жылдық отбасылық өмірімдегі тәжірибелеріме сүйене отырып,осы насихаттарымды айтпақшымын. Егер айтқан сөздеріме құлақ салып,үнемі жадында сақтасаң дүниеде тыныш,бақытты өмір сүретініңдей ақиретте де мәңгілік бақытқа қол жеткізесің.
1) Қанағатшыл бол! Яғни жолдасың үйге алып келген азық- түлік,киім- кешек барлық нәрсені шын көңілмен қабыл ал! Оған рахмет айтып,алғысыңды білдір! Өйткені,қанағат тыныштыққа,бақытқа қауыштырады.
2) Жолдасыңның сөздерін мұқият тыңда және оның күнә болмаған әмірлеріне мойынсұн!
3) Үйің және айналаң әрдайым таза,реттеулі және жинақы болсын!
4) Күйеуіңнің ұйықтайтын және тамақтанатын уақыттарына назар салуың керек. Төсегі мен тамағын уақытында дайындауың керек. Ұйқысыздық пен аштық адамды ашуландырады.
5) Күйеуіңнің мал-мүлкін және ақшасын қорға! Оның рұқсатынсыз және хабарынсыз жұмсама! Істеген істеріңді,жақсылықтарыңды міндетсінбе! Жақсылыққа жасалған жақсылық тез ұмытылады, ал жамандыққа жасалған жасалған жақсылық еш ұмытылмайды
6) Күйеуіңнің туыстарымен жақсы қарым-қатынаста бол! Күйеуіңнің қателіктерін жалғыз кезінде өзіне жұмсақ тілмен айт!
7) Күйеуіңнің сырларын ешкімге айтпа! Ерлі-зайыптылардың арасындағы сырлары өздерімен қабірге кетуі керек.
8) Күйеуіңнің қайғысы мен қуанышына ортақ бол! Оған барлық жағынан да өмірлік жар бол! Өтірік- отбасын іштен шірітетін құрт секілді.
9) Араларыңдағы мәселені өздерің шешіңден! Оларды бізге және өзгелерге айтудан сақтан! Ешкімнің қолдауынан үміттенбе!
10) Күйеуіңнің алуға қиналатын немесе шамасы жетпейтін нәрсені алып беруін талап етпе!
11) Әйелінің жақсы мінезді болуы – еріне жаннат нығметі. Сен жолдасыңа жаннат нығметі бол! Оған азап шектірме! Бұларды тек оның қалауларын және оның ризалығын алдыңғы қатарға қойғанда ғана орындай аласың. Үнемі алдыңғы қатарға өзіңді қойсаң,бұл насихаттың ешбірін орындай алмайсың. ...