Ақшаны тиімді жұмсаудың 7 әдісі

Ақшаны тиімді жұмсаудың 7 әдісі

Теңге еркін айналымға жіберілгеннен кейін, халықтың ұлттық валютаға деген сенімі азайды. Бұдан бөлек инфляция салдарынан жиналған қаражаттың да сомасы азайып қалды. Алайда ақшаны одан әрі жинай беруден ұтпасақ ұтылмаймыз және оны тиімді жұмсай білу де өнер. Ал ақшаны жұмсау арқылы табыс табу мүмкін бе? Бұл жөнінде 7kun.kz түсіндіреді.
1. Депозит ашу

Артықшылығы: салынатын ақшаға кепілдік беріледі

Кемшілігі: түсім аз болады

Ақшаны қалай көбейтуге болады? Барлығы қаражатты жинаудың бірінші тәсілі банктен депозит ашу деп ойлайды. Әрине бұл құптарлық іс. Алайда банкті таңдау кезінде де абай болыңыз. Жиналған депозитке инвестиция ретінде қараудың қажеті жоқ. Тек өзіңіздің жинаған ақшаңыздың қанша сома екенін білсеңіз болғаны. Сондай-ақ банктердің жеке шотында 10 млн теңгеден кем емес қаражат болуы тиіс. Бұл сіз жинап жатқан депозитке кепілдік бола алады. Яғни банк банкрот болғанда сіздің депозитіңіз сақталады. Десекте мұндай жағдайлардан кейде сенімсіздік туындайды. Сондықтан мемлекеттің қатысуымен жұмыс істеп жатқан банктермен келісім жасаған жөн.

2.Жылжымайтын мүлік сатып алу
Артықшылығы: қауіптің аз болуы және қалыпты кіріс

Кемшілігі: бағаның қымбат болуы

Жылжымайтын мүлікке инвестиция салу ең тиімді және ұзақ жылар бойында сақталатын тәсіл. Әрі ақшаны тиімді жұмсаудың және сақтаудың оңтайлы жолы. Мұның да қолайлы тұстарын қарауға болады.

Біріншіден қаражатты жылжымайтын мүліктің құрылысына арнап жинау. Алдын ала үй құрылысының барлық инфрақұрылымын толық біліп алу керек. Бұдан үйді сатылымға қойғанда қосымша үстеме бағамен сатуға болатын көруге болады.

Екіншіден, ақша жеткілікті болып жатса үй сатып алып, оны жалға беру. Сатып алынған тұрғын үйді жалға беру арқылы тұрақты кіріс болады. Бірақ бұдан түсетін пайда көп деп деуге болмайды. Себебі табысыңыз орташа болса пәтерді жалға беруден түскен қаражат басқа да шығындарыңызға жұмсалып кетуі мүмкін. Бірақ осындай бағытқа ақшаны жұмсай отырып, қосымша ақша жинай аласыз.

3. Құнды қағаздарды сатып алуға жұмсау
Артықшылығы: жеке инвестициялық портфель құру мүмкіндігі және оған қолжетімділік, көптеген ірі компаниялар акцияларының өтімділігі өте жоғары, әрі кейбір компаниялар кіріске қарамастан акциялардың санына байланысты дивиденд төлейді.

Кемшілігі: компания банкротқа ұшараған жағдайда 100% инвестиция күйіп кетуі мүмкін. Акция құнының өзгеруі саяси және экономикалық факторларға тікелей тәуелді.

Мұны басқару сәл қиындау деуге болады. Акцияларды сатып алып оны айналымға енгізу үшін тұлға өз ісінің шебері болу керек. Әрине компанияның танымалдығына байланысты акция құны он есе қымбат болатын кездер де болады. Алайда кейбір компания акцияларының құны жиі түсіп кететінін ескерген жөн. Егер сіз қаржыгер болмасаңыз және қор нарығындағы процессті түсінбесеңіз брокер жалдауға болады. Олар сіздің инвестициялық портфеліңізді жүргізеді. Десекте сіздің кірісіңіздің қауіпсіз болатынына ешкім кепілдік бермейді. Бұған қоса брокерлік қызметке тағы қосымша қаржы жұмсайсыз.

4. Бағалы металдарды сатып алу
Артықшылығы: дағдарыс кезінде ұзақ мерзімде капиталды бірнеше есеге көбейтуге болады

Кемішілігі: арнайы сақтайтын орындарды қажет етеді және көлемі үлкен болса қосымша құн салығы төленеді

Бағалы металдарға инвестиция салудың бірнеше нұсқасы бар. Біріншіден алтын кесектерін сатып алу. Егер бұған сіз ұзақ мерзімді жинақ ретінде қарайтын болсаңыз, онда бұл ақшаны жұмсаудың тиімді әдісі.

Екіншіден бағалы монеталарды сатып алу. Алтыннан жасалған монеталар алтын кесектеріне қарағанда салмағы жеңіл. Ұлттық банк алтын металдың 0,1, 0,25, 0,5, 1,2 және 5 унциялы алты түрін сатады. Баға унциясына байланысты қойылады. Сондай-ақ, бағалы монеталардың қатарында күмістен жасалғандар да бар. Олардың салмағы 1, 2, 5, 10 унцияны құрайды және қолжетімді бағада сатып алуға болады.

Үшіншіден қазір көптеген банктер иесізденген металл шоты қызметін ұсынады. Иесізденген метал шоты дегеніміз — металдар валюта есебінде жүреді. ШЫнайы бағалы металдар сіздің қолығызда болмағанмен, ол виртуалды түрде сақталып, нарықта баға өскен жағдайда кіріс алып келеді.

5.Forex-те ойнап үйрену
Артықшылығы: қолжетімділік және жоғарғы табыс

Кемшілігі: ақшаның біраз бөлігін немесе барлығын жоғалтып алуға тәуекел ету

Қаржы нарығындағы сауда көп уақыт пен үлкен концентрацияны талап етеді және атқарылуы қиын жұмыс. Сондықтан көпшілігі бұл мәселені кәсіби трейдерлерге сеніп тапсырады. Яғни сіз валюта нарығында сауда жасау үшін өз қаражатыңызды брокерлік компаниялардың басқаруына бересіз.

Басты артықшылығы кіріс көп болған сайын инвесторлар да көбейе түседі. Бұған қарама-қайшы тұстары да бар. Сіз берген ақша арқылы пайда болатынына ешкім кепілдік бермейді.

6. Жеке бизнес бастау
Артықшылығы: жоғарғы түсім және орта деңгейдегі қалыпты кіріс, кәсіпкерлік статусының болуы

Кемшілігі: ұзақ мерзімді пайда болу үшін стартап жоба міндетті түрде қатаң стартапболуы қажет.

«Егер ақшаң аз болса бизнеспен айналысу керек. Ал ақша мүлде жоқ болса бизнесті бірден бастау керек. Дәл қазір!», — деген екен адамзат тарихындағы доллардан байыған миллиардер Джон Рокфеллер. Бизнес – бұл өте жоғарғы табысты қаржы құралы. Ең қиын жағдай алғашқы бес жылда болады. Бизнесті ашу ары қарай инвестиция алу үшін берілген мүмкіндік ғана емес, ары қарай қызықты жұмыстың бастамасы. Тек жұмыстқа құлшыныс болып, ары қарай дамыту қолыңыздан келсе болғаны.

7. Өзін-өзі дамытуға қаржы жұмсау
Артықшылығы: инвестицияны екі еселеуге кепілдікгарантированное приумножение инвестиций.

Кемшілігі: нәтижені байқау қиын

Бұл қаражатты жұмсаудың бірден бір тиімді тәсілі. Яғни білімге, жеке тұлғалыты дамытуға инвестиция салу. Егер білімге инвестиция салынатын болса оны кейін еке есе етіп қайтаруға мүмкіндік бар. Тіл үйреніп, кәсіби және бизнес туралы кітаптар оқу және біліктілікті арттыруғ қаражат жұмсау ӨЗін өзі дамытуға инвестиция салу тек дивиденд әкеп қана қоймай, қаржылық жағдайдың жақсаруына септігін тигізеді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста