Ақылменен ақша тап
Байлық санаңда өсіп жетіледі
Үлкен бизнестегі дәл жаңа ғана сіздің көз алдыңыздан өткен драмалық оқиға – біз кітабымызда тілге тиек еткен баюдың тәсілінің тамаша үлгісі екендігі анық. Ол тәсіл тілекті нақты шындыққа айналдыру деп аталады.
Алпауыт ұйым ең алдымен бір адамның санасында пайда болып, қалыптасты. Болат өндірісі кәсіпорындарын тарту арқылы оның қаржылық операцияларын қамтамаыз ету жайы да сол бір адамның санасында туып, жетілген еді. Оның нәтижеге жететініне деген нық сенімі, таудай талабы мен ыстық ынтасы, ең соңында, алдына қойған мақсатына жетуге деген табандылығы – осының бәрі «Юнайтед Стейтс Стил» сияқты алып корпорацияның дүниеге келуіне жағдай жсады. Кәсіпорындар, құрылғылар – бәрі де біз өндіріс құралдары деп атайтын бұл дүниелер ыстық ынта мен арманнан туған мақсат нақты жүзеге асқаннан кейін ешқандай да рөл атқармады. Дегенмен де, бұл істі жан-жақты талдау көрсеткендей, сатып алынған барлық құрал-жабдықтардың құны 600 миллион доллар болғаныдғын айғақтайды.
Басқаша айтқанда, Чарьлз М. Швабтың санасында туған идея кейін Дж. П. Морганмен және басқалармен ой бөліскен соң, дөңгелектенген сомаға – 600 миллион долларға сатылды. Жалғыз идеяның құны сонша болғанын ескерсек, оның арзанға түспегенін көреміз.
«Найтед Стейтс Стил» корпорациясы кейінірек Шваб сатқан миллиондармен шектелмегендігін көрсетті. Корпорация әлемдегі ең алпауыт кәсіпорындардың біріне айналып, ағылған мол табыс әкелді және мыңдаған адамға жұмыс орнын тауып берді және болат өндірісінің қолдану ауқымын да барынша кеңейтті. Сөйтіп, корпорация шарықтап дамыды.
Байлық бұл дүниеге ең алдымен ой түрінде келеді. Ол үшін алған дивиденттің қортынды сомасы оны ойлап тапқан адамның ақыл-ой шегіне байланысты болмақ. Сенім барлық шектеулердің шегін жояды. Сіз өзіңіз сұраған сомада шарт жасауға дайын болған кезде осыны есте мықтап ұстаныңыз.
Жадыңызда ұстар ойлар
Нәтижеге жету үшін ең алдымен сенім қажет. Сенімді түйсікке қажетті ойларды нығыздай отырып алуға және орнықтыруға болады. Өзіңізді өзіңіз сендіру үшін санаңызда өмір сүріп жатқан, ішкі сезімдеріңізге жеңіл бағынатын бес кезеңнен өту қажет болады. Енді сіз мынаны білесіз: бәрі де біткен сияқты сезілген сәтте, бірақ сіз әлі де жеңістен үмітіңізді үзбесеңіз, онда бақыт пен табыс сол көңіл күйдің нәтижесі болып алдыңыздан шығады.
Бұған дәлел ретінде А.Линкольн мен М.Ганди сияқты тұлғалардың өмірін алуға болады. Ол адамдар ойларын өздері тәрізді ойлайтын адамдар мен жағдайларды тартатын «магнетизм» деңгейіне жеткізді. Сөйтіп, өз мақсаттарына жеткізер жолды ашты.
Мынаны есіңізде мықтап ұстаңыз: бірдеңені алмас бұрын міндетті түрде әлденіні беруге, нақтырақ айтқанда құрбан етуге тура келеді. Осыны түсінген миллионерлер қарақшылықпен келген ақшаны қоғамды, елді дамытуға, адамдарға жұмыс тауып беруге жағдай жасайтын бизнеске айналдырды. Осындай кәсіпкерлік әлі күнге дейін қоғам игілігіне қызмет етіп келеді.