Ақысыз демалысқа қалай шығуға болады?

Ақысыз демалысқа қалай шығуға болады?

Қазіргі уақытта кеэекті еңбек демалысындамын.Демалыстың уақыты біткен соң денсаулығыма байланысты ақысыз ұзақ мерзімге демалыс алуға бола ма? Қанша уақытқа шығуға болады.

surak.baribar.kz

Еңбек демалысы

Еңбек дамалысы - бұл жұмысшыны белгілі бір кезеңде оның орны (қызметі) мен орта айлық жалақысын сақтай отырып немесе әлеуметтік мақсатта жыл сайынғы үзіліссіз демалысқа босату. 

Еңбек демалысының түрлері

Жұмыскерлерге демалыстың келесі түрлері беріледі:

төленетін жылсайынғы еңбек демалыстары;
әлеуметтік демалыстар.
Жалақысы сақталмайтын демалыс негізі мыналар: 

Еңбек шартының екі жағынан келісімі бойынша жұмысшыға оның өтініші бойынша төлемақысыз еңбек демалысы берілуі мүмкін.

Төлемақысыз еңбек демалысының ұзақтылығы жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы келісімі бойынша орнатылады.

Жұмысшының ескертуі бойынша жұмыс беруші төлемақысы сақталмайтын күнтізбелік бес күнге дейін еңбек демалысын келесі жағдайлары бойынша беру қажет:

  • неке қию
  • баланың тууы;
  • жақын туысқандарының өлімі;
  • еңбек әрі ұжым шартымен көзделген басқа жағдайларда.
  • Оқу демалысы

Әскери оқытылған қорының дайындалу қорларының дайындалу бағдармаларын өту үшін, дипломдық жұмыс (жоба)  дайындау әрі қорғау,лабораторлық жұмыстарды жасау,емтихан мен сынақтарға дайындалу әрі оларды тапсыру үшін, білім мекемелерінде оқытылатын жұмысшыларға оқу демалыстары беріледі.

Оқу демалысының төлемі еңбек, ұжым әрі оқыту келісімдері мен шарттарымен анықталады.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы арқылы шетелде оқуға дайындалған қызметкерлерге, жұмыс беруші жұмыс орынның (мамандығының) сақталуымен оқу демалыстарын ұсынады.

Жүкті әйелдерге, балалы болған әйелдерге, жаңа туылған баланы асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетін демалыстар 

Жүкті әйелдерге, балалы болған әйелдерге, жаңа туылған баланы асырап алған әйелдерге (ерлерге) келесі демалыстар беріледі: 

жүктілік пен бала тууға берілетін төленетін демалыс;
жаңа туған баланы асырап алушы қызметкерлерге төленетін демалыс;
баланың жасы үш жасқа жеткенше қарауға берілетін жалақысы сақталмайтын демалыс.
Жүкті әйел жүктілікке және босануға байланысты демалысқа құқық беретін еңбекке уақытша қабілетсіздік парағында көрсетілген күннен бастап демалысты оның аталған түріне құқықты растайтын еңбекке уақытша қабілетсіздік парағын ұсыну арқылы ресімдейді.

Жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы:

қалыпты босанған кезде &ndash босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күнге;
қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған кезде &ndash босануға дейін күнтізбелік жетпіс күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күнге;
ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге қалыпты босанған кезде &ndash босануға дейін күнтізбелік тоқсан бір күнге және босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күнге (қиын босанған немесе екі және одан көп бала туған жағдайда &ndash күнтізбелік тоқсан үш күнге);
жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда &ndash босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс күнге;
жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және өлі шарана туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол өмірінің жетінші тәулігіне дейін шетінеп кеткен жағдайда &ndash босанғаннан кейін күнтізбелік елу алты күнге;
ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда &ndash босанғаннан кейін күнтізбелік тоқсан үш күнге;
ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктіліктің жиырма екінші аптасынан жиырма тоғызыншы аптасына дейінгі мерзім кезінде босанған және өлі шарана туған немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм бала туып, ол өмірінің жетінші тәулігіне дейін шетінеп кеткен жағдайда &ndash босанғаннан кейін күнтізбелік жетпіс тоғыз күнге беріледі.
Демалыстар есептілігі жалпы шығарылады, демалыс әйелге күндер санына жұмыскердің жұмыс ұзақтылығына әрі баланы туу алдындағы пайдаланған күндеріне қарамастан ұсынылады.

Жаңа туылған баланы асырап алушы жұмысшыға (ата-ананың біреуіне) асырап алған күннен бастап және бала туылған күннен бастап елу алты күн өткенге дейін төленетін демалыс беріледі.

Жұмыс беруші жүктілік пен бала тууы бойынша, жаңа туылған баланы асырап алушыларға орта айлық көрсеткішінің сақталуымен егер бұл еңбек әрі ұжым шарттарымен, жұмыс берушінің актімен көзделген болса, әлеуметтік төлем сомасының алынуымен жүктілік пен баланы туу, жаңа туған нәрестені асырап алуымен, Қазақстан Республикасы міндетті әлеуметтік сақтандыру заңнамасымен бірге жүзеге асыратын болса беріледі.

Баланың үш жасына келгенше жалақысы сақталмайтын демалыс

Жұмыс беруші жұмыскерге оның баласы үш жасына келгенше жалақысы сақталмайтын демалысты беру қажет:

ата-ананың таңдауы бойынша - анасы немесе әкесіне;
ата-анасына &ndash баланы тәрбиелеушіге;
баланы нақты тәрбиелеп жатқан әжесіне, атасына, басқа туысына немесе асыраушысына;
жаңа туған баланы асырап алушы қызметкерге.
Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс жұмысшының жазбаша өтініші оның ұзақтығымен , туу туралы күәлік немесе басқа бір құжат арқылы беріледі.

Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс толығымен немесе бөлініп пайдаланылуы мүмкін.

Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін жұмысшыға берілген жалақысы сақталмайтын демалыс кезінде жұмысшының орны (қызметі) сақталады.

Үш жасқа дейінгі бала бағу үшін берілетін жалақысы сақталмайтын демалыстан алдын ала шыққан кезде қызметкер қызмет берушіні алдын ала ескерту керек.

egov.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста