Әр нәрседен қуаныш табуға болады екен
Бір құты бақыт
Менде бір құты бақыт бар. Міне, менің қолымда тұр. Күн сайын, нақтысын айтқанда күнде кешке таман таза қағазға бүгін бастан кешкен бір сәтті жағдайды жазамын да, құтыма сап қоямын. Солай. Ары кетсе 30 секунд кетеді. Оп-оңай.
Бұл құтыға жазып қалдырарлық бір нәрсені іздемей-ақ табуға болады. Ең жаман күннің өзінде бір сәттік жақсылықтың нышанын көрсететін жағдай болып тұрады. Бұл хаттарға жаназаға барғанымда тірі жүргенім үшін тәубе етем, ауырып жатып ауруханадан ертең шышғатынымды білгендегі қуанышымды жазам, ең қиын сәтте қол ұшын созған адамға алғыс айтқанмын. Бейтаныс жанның жол бергені, бүгін танысқан адамның кофе әпергені, күні бойғы сансырап жүгірген шабылыстан кейінгі аяқкиімімді шешіп, ух деуім туралы. Күтпеген жерден жауын тоқтай қалғаны. Керемет. Әр нәрседен қуаныш табуға болады екен. Титтей ғана қуаныш. Тек көре біліңіз. Хатқа жазыңыз. Сақтап қойыңыз. Бір құтыға қанша бақыт сыятынын көресіз.
Элизабет Гилберт
Аударған Шынар Әбілдә
Фейсбуктегі парақшасынан