Араб мемлекеттері лигасына қай ел мүше?
Араб мемлекеттері лигасы қашан құрылды, оның мақсаты не және оған қай елдер мүше болып табылады?Қайдар ДҮЙСЕТАЕВ, Алматы облысы
Араб мемлекеттерінің лигасы халықаралық ұйымы 1945 жылы 22 наурызда алғашында жеті елдің бастамасымен құрылған. Қазір оған 22 араб елі мүше. Ұйым арабтар мекендеген елдерінің өзара ынтымағын нығайтуды, сыртқы саясатын үйлестіруді, тәуелсіздігі мен мүдделерін қорғауды мақсат етеді. Ұйымның жоғарғы органы – Лига кеңесі. Оның штаб-пәтері Каир қаласында орналасқан. Сондай-ақ Араб елдері лигасының жанынан тұрақты комитеттері, біріккен қорғаныс кеңесі, экономикалық кеңесі, бас хатшылығы және арнайы агенттіктер мен институттар жұмыс істейді. Ұйымның жарғысы бойынша мүше елдерге қандай да бір қауіп-қатер төне қалса, бірлесіп қорғана алады. Сонымен бұған мүше елдер: Алжир, Бахрейн, Джибути, Мысыр, Иордания, Йемен, Катар, Комор, Кувейт, Ливан, Ливия, Мавритания, Марокко, БАӘ, Оман, Палестина, Сауд Арабиясы, Сирия, Сомали, Судан, Тунис. Ұйым туралы толығырақ http://www.arableagueonline.org/ сайтынан білуге болады.