Арман ҚАЙТКЕНДЕ орындалады?

Арман ҚАЙТКЕНДЕ орындалады?

Сіз де қиялға ерік беріп, арманға қанат байлау пайдасы да, зияны да жоқ, тек уақыт өлтіру деп санайсыз ба? Ал экзотерика және психология мамандары қиялдаудың да, армандаудың пайдасы көп екенін айтады. Қандай пайдасы бар? Жалпы арман деген не? - деп жазды ERNUR.KZ.

АРМАН – МАҚСАТ

Сізге дәл қазір, бүгін, ертең, болашақта не керек екендігін ойлап көрдіңіз бе? Қиялдың шарықтауында шек жоқ, тізгінді жіберіп, алысқа көз жүгірте білсеңіз. Күнделікті ұсақ-түйек, киім-кешек, ас-судан бастап, зәулім үй, соңғы үлгідегі жеңіл автокөлік, шет елдерге саяхаттау, бизнес бастау секілді армандарыңызды көз алдыңызға елестетіп, қиялдай біліңіз!

Ұсақ-түйекке қол жеткізу оңайырақ, сондықтан, аз күннен соң, ол қиялыңыздың да қызығы кете бастайды. Ал үлкен армандарыңыз жайлы ойлансаңыз, оған жету үшін міндетті түрде алдыңызға нақты мақсаттар қоясыз. Мақсатыңызға жету үшін ақырындап әрекет ете бастайсыз. Әрекеттеріңіздің ең бастысы, қиялыңызды күн сайын қайталап, ол туралы ойлаңыз. Басқаларға айтудан да қысылмаңыз!

«Армандар туралы өзгелерге айтуға болмайды. Алдымен, оған жетіп алу керек, одан кейін ғана айтуға болады» деген жаңсақ пікірге қатып қалмаңыз. «Жақсы сөз – жарым ырыс» екендігін ешқашан естен шығармаңыз!

АРМАН – КҮШ-ҚУАТ

Адам ешқашан өзіне жамандық тілемейді. Сондықтан жаман нәрсені ойламайды. Ал, жақсы нәрсені ойлау адамға ерекше күш-қуат сыйлайды. Бос қиял болса да адам қиялдау арқылы бақытқа бөлене алады. Өйткені адам жақсы нәрсені ойлағанда оның жүйке жүйесінде, жүрегінде, бүкіл қантамырларында қан жүгіріп, жақсы көңіл-күйге бөленеді. Бұл «бақыт гормоны» деп аталатын эндорфин бөлініп шығуымен байланысты. Көп қиялдаған адам жас көрінеді. Армандау адамның ішкі энергиясы толығып, болашағын айқын көре алатын, ұмтылысын арттыратын және жақсы өмір сүруге деген ынтасын күшейтетін қасиетке ие.

АРМАН – КҮЙЗЕЛІСТЕН САҚТАЙДЫ

Адам қиялдану арқылы күйзелістен шыға алады дегенге сенесіз бе? Бұл да мүмкін екен. Қиналып, өз мәселелерімен басын ауыртып жүрген адамға қиялы көмекке келеді. Жер бетінде сіздікінен де ауыр, сіздікінен тіпті бірнеше есе үлкен проблемалары бар адамдар да бар екенін естен шығармаңыз. Қиял – тек қана позитив сыйлайды. Сондықтан, күйзелістің құрсауында қалсаңыз да, қиялды шектемеңіз! Қиялдаудан шаршамаңыз. Ол сізді жарқын болашаққа жетелейді.

АРМАН – СТИМУЛ

Қандай да бір істі қолға алған болсаңыз, ол ауыр ма, жеңіл ме бәрібір, оның жиынтығы сізге қандай қуаныш алып келерін елестетіңіз. Қиял – бұл көз алдыңызға елестету. Бұл сіздің қолға алған, сүйіспеншілікпен бастаған ісіңізден рахаттануға, шабыттануға көмектеседі.

Егер қолыңыздан келмей жатса, еңсеңіз түсіп, арман-қиялдың барлығын «көк сандыққа» салып, құлыптап тастамаңыз. «Жүрген аяққа жөргем ілігеді», «Қимылдаған қыр асады» демекші, әрекеттің соңы міндетті түрде берекет, игіліктен тұрады.

АРМАН мен ЖАЛҚАУЛЫҚ

Арман мен жалқаулықты дос етпеңіз. Аяқты созып, шалқаңыздан жатып, «алма піс, аузыма түс» деуге болмайды. Қиялдау деген бұл емес. Қиял мақсат, еңбек, әрекетпен біріккенде ғана нәтижеге қол жеткізе аласыз.

АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ

Жақсы ой – жақсылықты шақырады. Армандарыңызды бір арнаға тоғыстырып, басқара біліңіз, сол кезде ғана айқын мақсатыңызға жетесіз.

Әр адам болашағы жайлы қиялға берілгенде әр нәрсенің басын бір шалмай, тұрақты, нақты қандай нәтижеге жеткісі келеді, соны анықтап алуы тиіс. Бүгін қиялдап отырған нәрсеңіз жайлы ертең ұмытып қалу қиялыңыздың шындыққа айналатынына кепілдік бермейді әрине.

Ең негізгісі – қиялды фантастикамен, яғни, қиял-ғажайыппен шатастырып алмаңыз. Мысалы, шынайы өмірде орын алуы мүмкін емес жағдайлар болады. Ұшатын қанатым болса немесе сүйікті актеріммен бірге киноға түссем, сиқырлы таяғым болса, қалағаныма оп-оңай қол жеткізсем деген жеңіл ойдан аулақ болыңыз.

Бастысы, шынайы өмірден алыстап кетпесеңіз болғаны. Сондай-ақ сеніңіз. Ал оқырман, сіз жаңа жылға дейін қай арманыңыздың орындалғанын қалайсыз?

Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста