АСҚАБАҚТЫҢ ДӘНІНЕ ДЕЙІН ПАЙДАЛЫ

АСҚАБАҚТЫҢ ДӘНІНЕ ДЕЙІН ПАЙДАЛЫ

Асқабақтың түрі, түсі, сипаты
Асқабақ (cucurbita) – асқабақ тұқымдастарына жататын бір және көп жылдық шөптесін, қолдан өсірілетін өсімдік, усыз, дәмді жеміс. Ол біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырда Мексикада, Перуде белгілі болып, 15 ғасырдың соңында Мысырға әкелінген. Асқабақ Қазақстанның барлық өңірлерінде, әсіресе, оңтүстік аудандарында көбірек өсіріліп, тағамда, мал азығында пайдаланылады.

Қазақстанда асқабақтың кәдімгі түрлері мен ірі асқабақтардың түрлері мен сорттары өсіріледі. Құрамында 18 пайыз құрғақ заттар, 10 пайыз сахароза, аскорбин қышқылы, каротин, тиамин, рибофлавин, дәнінде 40 пайыз май бар. Құрамында әртүрлі физиологиялық әсері бар кукурбитацин заты болады.

Адамға пайдалылығы жағынан бұл бақша өнімі өзге жеміс жидектер мен көкөністерге қарағанда дәрумендерге өте бай. Адам ағзасына қажетті С, В1, В2, В5, Е, РР, ағзадағы зат алмасу жеделтететін Т және қанның ұюына ықпал болатын К дәрумені, калий, кальций, темір кездеседі. Дәрумендердің көптігіне бола, мың бір ауруға ем. Көру нашарлағанда, қаназдық, артық салмақтан, тағы басқадан арылғысы келетін таптырмайтын ем. Шлактан тазартып, зат алмасуды тұрақтандырады.

Ауа райын мен топырақтың жағдайын талғамай өсетін болғандықтан, өсіргенде химиялық препараттарды қолданбайды, өш күшімен өседі. Дәрігерлер қауымы жүрек әлсіздігінен жүдегендерге ем ретінде асқабақтың жұмсақ мәйегін, отқа немесе суға күйген науқастарға жарасына таңуға болатынын айтады. Асқабақтың несеп жүргізетін, ыстықты түсіретін қасиеттері белгілі. Жүрек қан тамыры аурулары, гипертония, зат алмасудн қиындықтары бар науқастарға диеталық тағам ретінде ұсынылған. Асқабақ дәні балмен араластырып жеп, ішек құрттарын түсіру үшін пайдаланылады.

Бүйрек, бауыр, ауырған кезде күніне 1 стақан шырынын ішу керек. Шырынын, яғни сөлін жаңа пайдаланған күйінде ғана ішеді, өйткені үйде сақталуы қиын. Минералды тұздар мен дәрумендерге бай асқабақ дәндерінің құрамында ақуыздар, омеге-3, қанықтырылмаған май қышқылдары, селен, магний, мырыш, С, В, тобының дәрумендері де жеткілікті. Несеп жыныс жүйесінің көптеген ауруларын емдеуге көмегі зор. Несеп аудаушы, қабынуға қарсы, өт айдап, паазиттерді құртатын асқабақтың өзі.

Құрамында жасанды талшықтың, судың, көп мөлшерінің арқасында асқабақты арықтауға болатын емі де бар. Асқорыту үдерістерін тездетеді, уыттардан тазарады.

Денсаулыққа пайдалы табиғи өсімдік майларының бірі – асқабақ майы. 90 пайызға жуық қанықпаған майларды, 60 пайызға дейін линолді қышқылдан және 15 пайыз шамасында линолен қышқылынан тұрады. Омеге-3, омеге-6 май қышқылдарына бай. Асқабақ майы қуырылған асқабақтың дәнінен сығып алынады. Қошқыл жасыл немесе қою қоңыр түсі бар, өткір хош иісті, тәтті дәмі бар. Биологиялық белсенді зат ретінде қолданылады. Құрамында май қышқылдары; пальмитин, стеарин, олейн, линол, стерин қышқылдары, фосфолипидтер, каротинойдтар, дәрумендер мен микроэлементтер бар.

Асқабақтың пайдасы:

Асқабақ шырынын балға қосып жатар алдында ішсе, жүйке жүйесін тыныштандырып, ұйқы дәрісі секілді әсер етіп, тыныш ұйықтайсыз.

Жүкті әйелдердің жүрегінің айнығанын асқабақ шырыны басады.

Ағза жүдегенде, әлсіздік кезде асқабақты сүтпен дайындап, қаймақ, май, жаңғақ, бадаммен қосып жейді.

Асқазан ішек жолдары, асқазанның шырышты қабатында дерт болса, асқабақтан езбе дайындап, ішіңіз.

Бүйрек ауырғанда, тәулігіне жарты стақан шырыны немесе қайнатылғанын жейді.

Терідегі қышыма, есекжем шыққанда, не болмаса күйік шалғанда үккіштен өткен мәйегінен компресс жасайды.

Сары ауру дертінде 4 ай қатарынан үзбей мәйегін жеу керек. Бауырға өте жақсы, әрі қызметі жақсарады, әрі пайдалы.

Ішектегі құрт дертінде асқабақты алып, дәні мен мәйегін ойып алып, жылы су құяды. Жарт сағат беті жабық ыдыстың ішінде болуы керек. Дайын кезде тұнбадан күніне 4 рет астан 20 минут бұрын жарты стақан ішеді. 20 күн. Бір айдан кейін қайтадан жалғасы.

Ішектегі паразиттен ең тиімді тәсілі қабығы аршылған дәнін ашқарынға жейдің. 7 шақты дәнді езіп, сүтпен ішеді.

Простатит кезінде, 0,5кг тазаланған асқабақ дәнін, шикісін, еттартқыштан өткізіп, 1 стақан балмен араластырып жеу керек. Он шақтысын банкаға салып, қалғанын тоңазытқышқа сақтайды. Күніне 1 рет ашқарынға 30 минут бұрын жейді. Емді жылына 1 рет ғана жасайды. Көп жеу жүректі нашарлатып жібереді.

Ұйқысыздық болғанда қайнатылған, буға піскен асқабақ мәйегінен ботқа дайындап күніне 2 рет 50гр ішеді. Жатар алдында қайнатпасына бал қосып, 3 стақаннан кәдеге жаратады. Екінші жағдайда; 20 бадам жаңғағына 1 шәй қасық асқабақ дәнегін қосып, үстіне қайнаған су құйып, 8 сағат тұндырады. Кешке таман ішу керек.

muslim.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста