Асқазан тазартудың оңтайлы әдісі
Асқазан-ішек жолдарының дұрыс жұмыс істемеуі немесе ластануы салдарынан адам ағзасында түрлі аурулар пайда болады.
Осы тұрғыда созылмалы асқазанның қабынуы (гастрит), ас қорытудың бұзылуы(диспепсия) сынды аурулар өршелене түсетіні рас, оның алдын алу барысында асқазанды жиі тазартып отырған дұрыс.Шығыс медицинасында асқазан-ішек жолдарын сумен тазалау әдісі кеңінен дамыған, бұл әдіс асқазанның ретке келіп, түрлі аурулардың орын алуынан сақтайды. Емдеу әдісі негізінде су ішу арқылы жуан ішек арқылы өтіп, асқазан жолдарын тазалайды.Ол үшін ең алдымен, 3 л қайнатылған жылы су дайындап алу қажет. Бірінші отырып асқазанға су мөлшерден тыс толғанын сезгенше, жүрек айнығанша суды ішу керек.3 л қайнатылған суды ішкен соң ғана еңкею керек. Сол қолдың алақанын іштің асқазан бөлігіне қойып, оң қолдың үш саусағын көмейге сұғып құсады. Құсу қимылы басталған кезде денеңіздің жоғары жағын төмен түсіріп, төменгі жағын көтеріп тұрыңыз. Құсық басылғаннан кейін саусақтарды ауыздан алып, кейін әдісті асқазан толық босағанша қайталаңыз.
Әдетте асқазанды сумен тазарту әдісі таңертең аш қарынға жасалады. Өйткені, әдісті жасау барысында ішек босатылып тұрғаны абзал. Емдік шараның жиі жасалып тұруы керек екендігін шығыс медицинасы алға тартады. Алайда емді жүрек ауруы, гипертониялық ауру және асқазан жарасы кезінде жасауға болмайды. Ал қант диабеті кезінде апта сайын әдістің қайталанып отырғаны жөн екен. Себебі, емдеу әдісі асқазанды тазартып, инсулинның қалыпты бөлінуіне өз әсерін береді.