Ассамблея қашан құрылды?

Ассамблея қашан құрылды?

Елімізде көптеген ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Осыны қамтамасыз етіп отырған Қазақстан халқы ассамблеясы органының негізгі қызметі қандай?
Гүлбақыт Жолдасова,
Астана
Қазақстан халқы ассамблеясы – Қазақстан Республикасы Президенті жа­нын­дағы кеңесші орган. Қазақстан Рес­публикасы Президентінің «Қазақстан халықтары ассамблеясын құру туралы» Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақса­тында 1995 жылы 1 наурызда құрылған. ҚХА-ның негізгі қызметі – республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағ­дайларға болжам жасау негізінде қоғам­дағы бірлікті қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстарды ойластыру, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассам­блеяның 350-ге жуық мүшесі бар. Төрағасы – Мемлекет басшысы Н.Назарбаев. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар, Арда­герлер кеңесі өкілдерінен, Кіші ассам­блея жетекшілерінен, сондай-ақ ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халық­аралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семи­нарлар өткізеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста