Асыраушысынан айырылған балаға қандай көмек тиесілі?

Асыраушысынан айырылған балаға қандай көмек тиесілі?

Жалғыз қызымыз тұрмысқа шығып кеткен соң, күйеуіміз екеуміз ақылдасып, бір ұл баланы асырап алуды шештік. Барлық құжаттарды рәсімдеп болған соң, баланы үйге алып келгенімізше арада біршама уақыт өтті. Өкінішке қарай, күйеуімнің қуанышы ұзаққа созылмады. Жүрек дертінің салдарынан өмірден ерте озды. Менің білгім кел­гені, асырап алған балаға асыраушысынан айырылуына байланысты қандай көмек беріледі?
Дина АҚАНОВА,
Қарағанды облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, асырау­шысы қайтыс болған отбасының еңбекке жа­рам­сыз мүшелерiнің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар (негіздеме: «Қазақстан Республикасында мү­гедектігі бойынша, асыраушысынан айы­рылу жағдайы бойынша және жасына байла­нысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәр­дем­ақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы).
Бұл ретте қайтыс болған асыраушысының сегіз жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн... күту­мен айналысатын және жұмыс iстемейтiн адам отбасының еңбекке жарамсыз мүшесі болып табылады.
Жоғарыдағы заңға сәйкес, 18 жастан асқан бiлiм алушы азаматтардың асыраушы­сынан айырылу жағдайы бойынша күндiзгi оқу ныса­нындағы жалпы орта, техникалық және кәсiп­тiк, орта бiлiмнен кейiнгi жүйеде, жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқу орнын бiтiргенге де­йiн, бiрақ жиырма үш жастан аспайтын шекте жәр­демақы алуға құқығы бар және асырау­шы­сынан айырылу жағдайы бойынша жәрдем­ақылар жәрдемақыға құқығы пайда болған күннен бастап тағайындалады, бiрақ барлық қажеттi құжаттармен жәрдемақыға тағайын­дауға өтiнiш берiлген күнге дейiн әрi кеткенде 12 айдан аспайтын мерзiм үшiн.
Аталған жәрдемақыны тағайындау үшін арыз берушінің тұрғылықты мекенжайы бо­йын­ша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық­тың аудандық/қалалық бөлімшесіне қажетті құжаттарын арызбен қоса тапсыруы қажет.
Қажетті құжаттар тізімі Қазақстан Респуб­ликасы Үкiметiнiң 2006 жылға 25 тамыздағы № 819 Қаулысымен бекітілген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста