Ата-ананың есінде жүруі тиіс он қағида
Балаға деген тәрбие – баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл – кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие – тұрмысты ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат – міндеттерімен байланыста болуы керек. Біз бүгін оқырмандарға ғалымдарың әке-шешенің бала тәрбиесінде есте жүрер бірнеше қағидаларға тоқталмақпыз.
1) Баланы жас кезінен бастап сыйлап, қадір – қасиетін, ар – намысын бағалап, дұрыс сөйлесіп, дұрыс қарым – қатынас жасаған абзал.
2) Тәкаппарлықтың нашар қасиет екендігін түсіндіріп, тәкаппар болуының алдын алу керек.
3) Әдепсіз сөз, дөрекі айқай – тәрбиедегі ең жаман әдіс. Бала оған үйреніп кетеді немесе оған қарай жауап береді.
4) Кемшіліктерін мойындауды үйрету керек. Кемшіліктерін біліп, жөндеуге тырысуы – өмірде жетістікке жетуіне себеп болады.
5) Егер өзің баланы сыйламай тұрып өзіңе ілтипат, құрмет көрсетуін талап етудің өзі ұят.
6) Балаға шамасы келмейтін жұмыс тапсырмау керек. Кері жағдайда қолынан келетін нәрселерді де орындамайтын болады.
7) Баланың айтайын деген өтініші, ақылдасқысы келген мәселелерін ата – анасы тыңдап, ақыл – кеңес беруі керек.
8) Орындай алмайтын нәрселерді айтып уәде бермеу керек
9) Ата – ана отбасындағы үлкендерді сыйлап құрметтесе кішілерге қамқор болса, бала да сондай болуға ұмтылады.
10) Балаға отбасы ішіндегі біреу ұрсып жатса, басқасы оны жақтамау керек.
namys.kz