Аз уақыт ішінде емтиханға дайындалу амалдары

Аз уақыт ішінде емтиханға дайындалу амалдары

Көзді ашып-жұмғанша қорытынды емтихандарды тапсыратын уақыт та жетіп қалды. Және жылдағыдай сен оған дайын емессің.

Әрине, оған ертерек дайындаламын деген мақсатың болған шығар, бірақ бәрі әдеттегідей табан астына кеп тірелді. Үрей мен өз-өзіңді кінәлау бұл ретте саған көмектесе алмайды, ал бірнеше пайдалы кеңестер, әдістер мен құпиялар күнделігіңді, сынақ кітапшаңды немесе қорытынды емтиханыңды беспен қамтамасыз етуі мүмкін.

1. Емтиханға дайындықты бастамас бұрын, оқу жылында қандай тақырыптарды жақсы меңгердің, ал қайсысы қиынға түскенін анықтап алу керек. Және дайындықты сол қиын тақырыптарды қайталаудан бастаған жөн, ал жеңіл сұрақтар мен тапсырмаларды жай ғана қайталап шығуды соңғы күндерге қалдыр. Бұл жағдайда «3-4-5» әдісі жақсы жұмыс істейді. Емтиханға қалған уақытты (апта, күн, сағат) тура үш бөлікке бөл. Бірінші бөлігін кем дегенде үшке татитын қажетті ақпаратты жаттау үшін пайдаланған абзал. Екінші деңгейге өткен шақта алған біліміңді төртке жеткіз. Қалған уақытта сабақты тереңдетіп оқуға, яғни 5 алуға жұмса.

2. Дайындықты белсенділігің артып тұратын кезеңде бастаған жөн. Ерте жатып, ерте тұрғанды қалайсың ба, әлде кеш жатып, кеш тұрғанды қалайсың ба, осыған байланысты дайындықты қай кезде жасау ыңғайлы екенін анықтауға болады.

3. Емтиханға дайындалатын нақты жоспар құр. Бұл ойларды жинақтауға, уақытты дұрыс бөліп, ештеңені ұмытпауға көмектеседі. Жоспарды бүге-шігесіне дейін жасауға тырыс. «11.00-18.30 Дайындаламын» деп жалпылап емес, «11.00-11.40 әдебиеттен 3 билетті жаттаймын, 12.00-13.10 Ақан сері Қорамсаұлының өмірбаянын оқып шығамын, 13.30-15.00 8 сұрақты шпаргалка жазамын» деп нақтылап жазып, дайындалған дұрыс.

4. Пайдалану жоспарда болмаса да, шпаргалка жазып ал. Ақпаратты тезистік конспектілеу мида жатталып қалуға көмектеседі.

5. Іске бірден кірісіп кету үшін ең жеңіл және қызықты сұрақты талдаудан баста. Осыдан кейін қиынырақ тақырыптарға көш. Егер жарты сағат қызықты сұрақтарды, жарты сағат қиын сұрақтарды жаттайтын болсаң, аз уақыт ішінде екеуін де меңгеріп алуға болады.

6. Өзіңе қосымша мотивация тағайында. Яғни, осы теңдеуді шешсем, не анықтаманы жаттасам «мынаны сатып аламын», «анда барамын» деген сияқты өзің армандап, аңсап жүрген сыйлықтар мен бонустарды ойлап тап. Үш сұрақты жаттадың ба – шоколадтан дәм тат, 2 тақырыпты оқыдың ба – бес минутқа «вконтакіге» кір. Тек болжамды бағдарламаны орындамайынша – ешқандай сыйлық жоқ!

7. Диванда жатып немесе терезеге телміріп емес, лайықты оқу жағдайында дайындалуға тырыс. Яғни орындыққа отырып, үстел басында сабақ оқы. Әрине, диванда жатып оқу ыңғайлы екені түсінікті, бірақ психологтардың пікірінше: дайындық кездегі жай-күйің емтихан тапсыратын жай-күйден қаншалықты алыс болса, соншалықты ақпаратты дер кезінде еске түсіру қиындайды.

8. Билеттерді рет-ретімен жаттама. Сұрақтар жазылған карточкалар жасап ал да, емтихандағыдай суырып алып көр. Кейін емтихан жағдайында бұл әдіс тез жинақталып, жауаптарды еске түсіруге мүмкіндік береді.

9. Әр кеш сайын күні бойы оқыған сұрақтарды қайталап шығуға тырыс.

10. Демалуды да ұмытпа. Дайындыққа кеткен 2 сағатқа шамамен 20 минут демалыс қажет. Демалыс болғанда да өнімді демалыс ұйымдастыр, мысалы, спортпен шұғылдан, таза ауада серуенде немесе қызмет түрін өзгерт: әрдайым жаттау жағдайында ыдыс жуу да релаксация сыйлайды. Және ұйқыны елемеуге болмайды. Адам ұйықтап жатқанда, алған ақпаратты қорытатын мидың бөлшегі белсенді болатынын дәлелдеген.

11. Түрлі ынталандырушы заттар мен допингтерден аулақ бол. Кофе мен энергетикалық сусындарды ұмыт: қазір сенің жүйке жүйең оларсыз да зардап шегуде. Оның орнына түрлі дәрумендер мен минералды заттардан тұратын, есте сақтау қабілетін жақсартып, денсаулықты арттыратын тағамдарды тұтынуға тырыс. Олар жайлы біз мына жерде жазған болатынбыз.

Reactor 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста