Азияда мұхитқа шыға алмайтын мемлекеттер қанша?
Әлемде Қазақстан сияқты ашық мұхитқа шыға алмайтын елдер көп. Азия құрлығы аумағында мұндай мемлекеттер қанша?
Нұрбек Серікқалиев, Алматы қаласы
Бүгінде дүниежүзінде әлемдік мұхитқа шығуға мүмкіндігі жоқ 43 мемлекет бар. Мұхиттан алыс елдер, негізінен, Африка мен Еуропа құрлығында орналасқан. Азияда мұхит жағалауына шыға алмайтын елдердің қатары – 12, олар: Армения, Ауғанстан, Әзірбайжан, Бутан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, Тәжікстан, Өзбекстан және Оңтүстік Осетия. Өзбекстанды жан-жағынан қоршап жатқан мемлекеттердің ешқайсысы мұхитқа шыға алмайды. Әлемдегі гидросфераның негізгі бөлігімен байланысы жоқ елдердің ішінде халқының саны жөнінен ең ірі мемлекет Эфиопия болса, жер көлемі жөнінен ең үлкені – Қазақстан.