Бала тәрбиесі туралы кеңестердің көбі пайдасыз – ғалымдар
Кез келген ата-ана үшін баласы – ең жақсысы, ең тәртіптісі және ең мейірімдісі. Сондай-ақ кез келген ата-ана баласының қандай болғаны өзінің тәрбиесіне байланысты екен деп ойлайды. Бірақ бұл жерде көп нәрсе тәрбиеден гөрі адам геніне байланысты болады, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі Vox басылымына сілтеме жасап.
Сарапшылардың айтуынша, баланың қалыптасуына ең көп әсер ететіні – адам гені. Әрине, мәдениет пен қоршаған ортаның да әсері бар. Бірақ, әлеуметтанушылардың айтуынша, ата-ананың бала тәрбиелеу стилі адамның өміріне, жетістікке жетуіне, тұлға болып қалыптасуына өте аз әсер етеді.
Дегенмен, бұл ата-аналардың бала тәрбиелеуге араласуы дұрыс емес дегенді білдірмейді. Генді бала ата-анадан алады. Әрине, егер бала асырап алынған болмаса, немесе туған баласы болмаған жағдайда, ата-ана ретінде адам өзін тәрбиелеп, өз өмірін бақылауда ұстай алады. Сондай-ақ ата-ана баланың үйдегі өмір сапасына тікелей жауап береді. Бұл да тұлға болып қалыптасу үшін өте мңызды рөл ойнайды.
Ерекше сенімділікпен айтуға болатын мәселе – баланың тағдыры сіз сатып алған бейнероликтер брендіне, барып жүрген қосымша оқуына, сіздің тәртіпке келтіру мәнеріңізге еш байланысты емес. Бұл ретте бірдеңе істемесе болмайтындай көрінетін алаңдауға бейім ата-аналар үшін қиындықтар туары сөзсіз. Сондықтан да болар, олар кітаптар мен интернеттен бала тәрбиесіне байланысты кеңестерге жүгіне бастайды. Дегенмен, одан еш пайда жоқ.
Барлық ата-ана тәжірибе жинаған соң келесі толқындағы жастарға бала тәрбиесіне байланысты кеңес беру арқылы көмектесе аламыз деп ойлайды. Бірақ бұл олай емес. Ал ата-аналар балалық шақ – үлкен өмірге дайындық емес, өмірдің өзі екенін білуі керек.
Америкада ата-аналардың балалрды тәрбиелеуіне байланысты көптеген индустрия бар. Сондықтан олар бұл қызметке, өнімдерге ақшаларын жұмсай беретін болады. Бұл ата-ананың алаңдушылық сезімін, іштегі «ірдеңені дұрыс істеп қоймасам екен» деген күмәні мен ойын уақытша ғана жоя алады. Бұл салада ата-ана болуға даярлау курстары да кең танылғанын атап өткен жөн. Тіпті, мұндай тақырыптағы кітаптар да өте көп.
Ата-аналар осындай артық әрекеттері арқылы керісінше бала тәрбиесіне қатысты аз жұмыс істейді. Бірақ кеңестерге жүгінудің де, өзіңнің әрекет етуіңнің де бір ғана мақсаты бар. Ол – баланы табысты етуге ұмтылу.
Әрине, бала белгілі бір деңгейде жақсы мектепке барып, жақсы сабақтар алуы керек. Бұл оның өскен кезде табысты болуының кілті секілді көрінеді. Дегенмен, бала ата-анамен жақын болып, жалғызсырамағаны жөн.
Мамандардың айтуынша, ата-ананың бақылауы болмаса, сіздің ақшаңыз бен тұрып жатқан жеріңіз баланың жетістікке жету көрсеткіші бола алмайды. Себебі бірінші кезекте бала геніне тартады, сондай-ақ оған қоршаған ортасы айтарлықтай әсер етеді.
Тағы бір айта кетерлігі, психологтардың айтуынша, ата-аналар бүгінгі таңда белгілі бір бағдарлама жетекшісі секілді, ал балаларын маңызды жоба көреді. Бұл – ата-ана баласының дамуына назар аударуы керек деген ойдан туған иллюзиядан пайда болады. Бірақ ата-ана мен баланың да көп нәрсе күтуі олардың психологиясына да айтарлықтай әсер етпей қоймайды.
Дегенмен, заманауи ата-аналар балаға жоба ретінде қарамағаны жөн екендігін түсінуі керек. Бұл – балаға назар аударуды азайту деген сөз емес. Керісінше, балаға балалық шағын жарқын өткізуге мүмкіндік жасаған жөн.
Өмір жарқын сәттерден тұрады. Ал көп шаруамен шапқылап жүріп біз сол уақыттан айырыламыз. Баламен байланыс кеміп, қуанышын бөлісе алмасақ – баланың болашағы үшін көп нәрсе істеп жатырмын джеп өзімізді алдаймыз. Бірақ баламен бірге ойнау, уақыт өткізу – оны мақсатқа жетуге итермелеуден де маңыздырақ.
Ағылшын тілінен аударған Алтынай Қуанышбек