Балабақша мұғаліміне жалақы қалай төленеді?

Балабақша мұғаліміне жалақы қалай төленеді?

Мен балабақшада компьютерлік сауаттылыққа үйретуші болып қызмет етемін. Апталық жүктеме – 24 сағат. Маған еңбекақы жүктеме бойынша төлене ме, әлде тәуліктік 8 сағат бойынша ма?
Мәдина МАМЫРҚЫЗЫ,
Ақтөбе облысы
Сарапшы маманның мәліметінше, аза­мат­тық  қызметшілерге еңбекақы төлеу «Аза­мат­тық қыз­метшілерге, мемлекеттік бюджет қа­ра­жаты есебі­нен ұсталатын ұйымдардың қыз­меткер­леріне, қазы­налық кәсіпорындар­дың қызметкерлеріне ең­бекақы төлеу жүйесі ту­ралы»  ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 жел­тоқ­­сандағы №1400  қаулы­сымен реттеледі.
Қаулының 3-тармағына сәйкес, ұйымдар қыз­­меткерлерінің лауазымдық жалақылары (став­­калары) (ЛЖ) атқаратын лауазымда­ры­ның ла­уа­зым­дар санаттарына жатқызылуына және ма­­ман­дығы бойынша жұмыс өтіліне, таға­йын­дал­ған біліктілік разрядтарына (жұ­мыс­шылар үшін) қарай лауазымдық жала­қы­ларын (ставка­ла­рын) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффи­циент­терді ҚР Үкіметі белгілеген ба­залық лау­а­зым­дық жалақының (БЛЖ) мөл­шеріне көбейту жо­лымен айқындалады.
Қаулымен бекітілген Азаматтық қыз­мет­шілер­дің (білікті жұмысшыларды қоспағанда) са­на­ттар бо­йынша лауазымдарының тізілі­мі­не сәйкес, білік­тілігі жоғары деңгейдегі мұға­лім­­дерге еңбекақы төлеу  G-9, біліктілігі орта дең­гейдегі G-11 санаты бо­йынша жүргізіле­ді. 
Сізге жалақы мұғалім ретінде біліктілік бо­йын­ша төленеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста