Баланың көзқарасымен санасу керек – психолог

Баланың көзқарасымен санасу керек – психолог

Қазақстанда балаларды дамытуға, олардың қоғамдағы іс-шараларға белсене араласуына біраз жағдайлар жасалған, дейді тәжірибелі психолог Құралай Ошақбаева.

 

Оның айтуынша, елімізде әртүрлі үйірме топтары, лагерьлер, әр деңгейде өтетін олимпиадалық жарыстар өткізетін ұйымдар баршылық.

 

Баланы шектен тыс, өз қалауынсыз, қолы бос болмаса екен деген мақсатта барлық жерге қатыстыра беруге болмайды. Баланың өз талпынысы болуы тиіс. Оның көзқарасымен санасу керек. Бізде осы жағы ақсаңқырап тұр. Өкінішке қарай, балаға өз ойымыз бен арманымызды тықпалай береміз. Баланы үлкен тұлға деп қабылдап, оның ойына сыйластықпен қарау керек, - дейді маман.

 

Сондай-ақ, психолог балаларды әлемдегі түрлі қауіптен, қоғамдағы келеңсіз ортадан ғана емес, кейде өз қатігездігіңнен, өз эгоңнан да қорғау керегін айтты.

 

Ата-аналардың балаға күш көрсетуі, басқа баламен салыстыра беруі, өмірге әкелгені үшін міндетсінуі сынды жағдайлар кездеседі. Бұл қоғамда бір қораптан шыққан роботтардың немесе өз көзқарасы жоқ тұлғалардың қалыптасуына алып келеді, - деді ол.

 

Психолог айтқандай, балалар тек мейірімге зәру.

 

Оларға артық ештеңе керек жоқ, уақыт пен көңіліңді бөлсең жетеді. Махаббатқа бөленіп өскен адам ғана айналасына махаббатпен қарай алады. Бақытты отбасында бақытты бала тәрбиеленсе, бақытты қоғам құрылады. Ал бақытты қоғамда қылмыс істейтін адам болмайды.Қылмыс жоқ жерде қауіп жоқ. Яғни, балаларға адамнан төнетін қатер туралы уайым да жоғалады, - деді Құралай Ошақбаева.

 

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста