Банк тарапынан төлем картасын бұғаттаудың 4 себебі

Банк тарапынан төлем картасын бұғаттаудың 4 себебі

Банк кей жағдайда картаны бұғаттап тастауы мүмкін. Оған көбіне кредит бойынша қарыз себеп болып жатады. Алайда картаның бұғатталуына басқа да маңызды себептер бар екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Гүлмира Батырханқызы айтып берді.

 

Заңгердің айтуынша, банк картаны төрт жағдайда ғана бұғаттай алады.

 

ПИН-кодты үш рет қате терген жағдайда

 

Егер банкоматта немесе төлем терминалында ПИН-кодты үш рет қате енгізсеңіз, карта автоматты түрде бұғатталады.

 

Әдетте, бұл кезде сізге картаның бұғатталғаны туралы хабарлама келеді - мобильді қосымшадағы push-хабарлама немесе электронды пошта арқылы.

 

Бірақ, кей банк картаның бұғатталғаны туралы есеп бермеуі мүмкін.

 

Алаяқтық жасалуы мүмкін деген күдікпен бұғаттайды

 

Егер картамен жүргізіліп жатқан операциялар күмәнді болып көрінсе, банк аударымдар мен төлемдерді тоқтатып, картаны бұғаттауға құқылы. Осыдан кейін бірден банксізге хабарласып, ақшаны қайда жіберейін, деп жатқаныңызды нақтылауы мүмкін.

 

Қарыз болғанда

 

Көп жағдайда карта кредит бойынша қарыз салдарынан бұғатталуы мүмкін. Соттың немесе құқық қорғау органының шешімімен ғана банк картаны бұғаттауға құқылы.

 

Мысалы, коммуналдық қызмет, кредит бойынша немесе алимент төлемей жүрген адам болса, сот шешімінен соң карта міндетті түрде бұғатталады.

 

Кредит картасы болса, қарыз уақтылы төленбеген жағдайда ол да бұғатталады.

 

Жаппай аударымдар жасалса

 

Егер банктегілер карта арқылы аударымдар өте жиі жасалып жатқанын және ол аударымдар қомақты сомада әрі көбіне шетелге жасалып жатқанын байқаса картаны бұғаттап тастауға құқылы. Мұндай жағдайда құқық қорғау органдары ақша жымқыру жағдайы деп күдіктеніп, міндетті түрде тексеріс жүргізеді. Карта иесіне хабарласып, қомақты соманың қандай мақсатта аударылып жатқанын сұрауға құқық бар. Егер банк мұның барлығы заңды екенін және карта иесінен табысы үшін салық төлеп жатқанын нақтыласа, банк картаны қайта іске қосады.

 

Банкомат ақша бермесе немесе картаны "жұтып қойса" не істеу керек - Нұсқау

 

Банкоматтан ақша алуға барып, қиындыққа тап болған қазақстандықтардың оқиғалары жайлы көп айтылып та, жазылып та жүр. Кейде карта "жұтылып", сынып немесе "шайналып" қалады, ақша дұрыс саналмайды, шықпай қалады. Tengrinews.kz тілшісі мұндай жағдайда не істеу керектігін баяндайды.

 

20 жастағы алматылық Әсел таяуда банкоматтан 100 мың теңге ақша алмақ болған. Бірақ, картасын салған да, ақшасын бермеген. Экранға "Сіз ақшаңызды алып үлгермедіңіз" деген мағынада жазу шыққан екен. Ал шоттан іс жүзінде ақша алынған. Әселдің айтуынша, банкоматтан ақша саналып жатқаны естілген, алайда шығармаған. 

 

"Дәл уақыты есімде жоқ, бірақ бір сауда үйінде үйге жиһаз қарап жүргенбіз. Мен және әпкем. Ақшаның бәрі менің картамда болатын. Тапсырыс берген соң, төлеу керек болды да, жақын маңдағы банкоматқа бардық. Керек қызмет пен соманы көрсеткеннен кейін, ақша шығуы тиіс болған. Банкомат ішінде ақша саналды, бірнеше минут процесс үздіксіз қайталана берді де, экранға "Сіз ақшаңызды алып үлгермедіңіз" деген мағынада жазба шықты. Нәтижесінде банкомат ақша бермеді, бірақ қызмет бойынша менің картамнан ақша алынған", - дейді қыз.

 

Мұндай жағдайда 2 сағаттың ішінде шотқа ақша түсуі керек.

 

"Кейін банкке хабарластық. Олар "2 сағат ішінде шотыңызға ақша қайта түседі, болмаса келіп арыз жазуыңыз керек" деді. Екі сағат күттік, түспеді. Кеш болғандықтан, келесі күні арыз жаздық. Бір күннің ішінде ақшаны қайтарып берді", - дейді Әсел. 

 

Банк қызметкерінің айтуынша, бұл банкоматтан шыққан ақау. 

 

Банк ақшаны "жұтып" қойса

 

Алматыда үш банкомат ер адамның 240 мың теңгесін "жұтып" қойған оқиға да болған. Мұндайда банк қызметкерлері қате көбіне ақша салып жатқан адамнан болады дейді.

 

Қаржы мекемесі қызметкерлерінің айтуынша, клиенттерге ыңғайлы болуы үшін банкомат экранына тиісті нұсқаулар шығады. Тілді таңдап, қойылған талаптарды мұқият оқу керек. Қабылдау құрылғысына бір уақытта 50 купюра ақша салуға болады, ал қолда бар ақша одан көп болса, клиентке қаражатын бөліп, бірнеше операциямен салу керек.

 

Карта банкоматта қалып қойса

 

Кейде банкомат картаны кері шығармай қояды. Оның себебі сан алуан. Олар:

 

Бірнеше рет PIN кодын қате терсеңіз;

 

Мерзімі өткен немесе бұғатталған картаны пайдалансаңыз;

 

Картада механикалық зақым бар;

 

Банкоматқа күдікті операция жасауға тырыссаңыз, мысалы, шоттағы барлық қаражатты шығару;

 

Экранында көрсетілген уақыт өткенше картаны алып үлгермесеңіз;

 

Банкомат бұзылған немесе ұзақ жұмыс істейді, ақауы бар;

 

Мамандардың айтуынша, соңғы жағдайда банкомат мүлде жұмыс істемей қалады немесе операция кезінде ақау болғаны немесе техникалық ақау болғаны хабарланады. Одан кейін картаны қайтармаса, кей жағдайда банкоматтан түбіртек шығады. Оны тастамау керек, арыз жазғанда керек болады. Ал түбіртек шықпаса, уайымдаудың қажеті жоқ. Алдымен банкоматтағы "Кері" батырмасын басып көру керек. Сонда операция жойылып, карта қайтуы мүмкін.

 

Сонда да картаны алу мүмкін болмаса, банкке хабарласу керек. Олар тиісті шараны қолданады. Кейін банктің саясатына қарай белгілі бір уақытта картаны қайтара аласыз.

 

Банкомат картаны "шайнап" тастаса

 

Мұндай оқиға сізге қызмет көрсететін банктің банкоматында болса, картаны қайтару рәсімі әдеқайда оңай.

 

"Ол үшін алдымен банкке болған оқиғаны хабарлап, өзіңіз және карта туралы ақпарат беріңіз. Банк қызметкерлері қартаны қайтару үшін қандай құжаттар керек екенін айтады. Картаны бұғаттап қою міндетті емес, бірақ жан тыныштығыңыз үшін жасауға болады. Сосын картаны алу үшін не істеу керек екенін сұраңыз. Көп жағдайда бұл "жұтылып" кеткен картаны қайтарғаннан тезірек жүзеге асады", - дейді банк қызметкері.

 

Картаны басқа банктің банкоматы қайтармаса ше?

 

Карта бөгде банктің банкоматында қалып қойса, екі банкке де хабарласу керек. Алдымен банкомат қызмет көрсететін банкке телефон шалып, картаны қалай қайтаруға болатынын сұраған жөн.

 

"Кейін өзіңіздің банкке хабарласу керек. Себебі, бірінші банк анықтама қағазын сұрауы мүмкін. Бұл жағдайда картаны міндетті түрде бұғаттау керек. Өзіңіздің банктен қосымша карта сұраңыз. Себебі, карта қайтару рәсімі өте ұзаққа созылуы мүмкін. Кей банктер бөгде картаны жеке адамға емес, тек оны шығарған банк арқылы қайтарады", - деп түсіндірді қаржы орталығындағылар.

 

Банкомат ақшаны дұрыс шығармаса

 

Мұндайда банкомат берген түбіртекті тастамау керек. Болған жайтты видеоға түсіріп алған да артық етпейді.

 

"Алдымен банк операторларына хабарласқан жөн. Олар көмектесе алмаса, банкке барып, ақшаны қайтаруға өтініш жазу керек. Оған жеке куәлік және түбіртектің көшірмесі керек. Кейін банк зерттеу жұмысын тағайындайды. Банкоматта инкассация жасағаннан кейін ішінде артық ақша қалса, бұл дерек құжаттарға жазылады, мұндайда ақшаны қайтару мүмкіндігі артады", - дейді банк қызметкері.

 

Банк ақшаны қайтарудан бас тартатын жағдайлар да болады. Ондайда сотқа шағымданған дұрыс.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста