Бақытты заман бола ма?

Бақытты заман бола ма?

Қазақтардың арасында «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» деген сөз бар. Оның мәні – халық уайым-қайғысыз тоқшылықта бақытты өмір сүрген екен дегенді білдіреді. Қазақ қана емес, жалпы адамзат баласын осындай бақытты заман ежелден қызықтырған және халық арасында сондай заман туралы аңыз-ертегілер көп сақталған. Егер аңыз әңгімелер бар екен, онда сондай заман ежелде болды деп айтуға негіз бар. Өйткені, аңыз әңгімелер тақыр жерден шықпайды.

Біз өткен тарихымызды толық білеміз бе?

Мектепте, одан кейін университеттің тарих факультетінде оқыған кезімде, адамзат тарихын материалистік түсінік бойынша былай баяндайтын. Ежелгі адамдар үңгірлерде қауым болып бірге тұрып, аң аулап тіршілік еткен. Бұны ғылыми тілмен: алғашқы қауымдық құрылыс деп атайды. Содан кейін адамзат қоғамы дами келе рулық-тайпалық одақтар құрылды. Бұл кезең: құл иеленуші құрылыс деген атпен белгілі. Ал одан кейін шағын мемлекеттер құрылып, феодалдық қоғам пайда болды. Ғылым мен білімнің дамуы нарыққа негізделген қазіргі капиталистік қоғамды тудырды.

Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар тең құқылы болып, қауымдасып өмір кешті. Ал құл иеленуші қоғамда қарама-қайшы екі тап құрылды: билеуші үстем тап пен езілуші төменгі тап. Капиталистік қоғамда бұл антоганистік таптар сақталады және олардың арасының жігі одан әрі ашыла түседі. Үстем тап пен төменгі таптың болуы қоғамдағы әділетсіздіктің орнығуына ықпал етеді және екі таптың ешқашан бітіспейтін күресін туғызады.

Адамдар міне, осындай қарама-қайшы таптардың арасындағы бітіспейтін күресті көре жүріп, таптар болмайтын, адамдардың бәрі тең өмір кешетін бақытты заман туралы армандады. Бұл туралы ойшылдар айтып, жазды. Қиял-ертегі түріндегі сондай әңгімелер қарама-қарсы таптардың қоғамының әділетсіздігін және ол адамдарға ешқашан игілік әкелмейтінін білдіреді.

Осыған орай, өткен ғасырда таптарды қолдан жойып, тапсыз қоғам орнатуға талпынған әрекет те жасалды. Әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан Ресей патшалығында болған төңкеріс социалистік қоғам орнатты. Дегенмен, бұл қоғам адамзат аңсаған бақытты заманды орната алмады. Керісінше, адамдар аштыққа ұрынып, қуғын-сүргіннен миллиардтап қырылды.

СССР-ді аңсаушылар

Қазіргі күні аға ұрпақ арасында ғана емес, жастар арасында да тапсыз қоғам — кеңестер одағын аңсаушылар шығып жатыр. Өйткені, кең таралған жұмыссыздық, кедейшілік, әлсін-әлі болып тұратын дағдарыстар әкелген қиындықтар – адамдарды әбден шаршатқан. Олар үшін бұрынғы кеңестер одағы тұрақтылық пен сенімділіктің негізі болып көрініп, сол қоғамды қайта орнатса қиындықтан құтылар едік деген жалған сенімге итермелеуде.

Шындығында, қолдан құрған социалистік қоғам адамзат баласына ешқандай игілік әкеле алмады және әкелуі мүмкін де емес еді. Себебі – бұл қоғам өзінің ең басты мақсаты етіп материалдық игілікке жетуді алды. Жә, материалдық игілікке молынан кенелдік делік. Ол адамға шынайы бақыт әкеле ме? Жоқ. Қазіргі миллионер, миллиардер болып жүрген байлардың тірлігіне қараңызшы: олар бақытты ма?

Күні кеше Назарбаевтың немересе Айсұлтан деген жап-жас жігіт Англияда жүріп өзін өзі өлтірмек болғандығы жайында БАҚ айтып, жазды. Бай-бақуатты отбасынан шыққан оған не жетпейді деген сұрақ туады. Жетпейтіні: уайым-қайғысыз шынайы бақыт.

Ал шынайы бақытқа материалдық игілік арқылы емес, тек Құдайға құлшылық ету арқылы ғана жетуге болады. Себебі Құдай Ұлы бүтін, біз оның мәңгі бөлшегіміз. Ұлы бүтінге қызмет ету арқылы Оны разы етсек, бізге разы болған Ол уайым-қайғысыз бақытты өмір сүруімізге жағдай жасайды.

Енді мынаған назар аударыңыз: қазіргі материалистік ғылым адамзат тарихын толық біле ме? Жоқ. Олар, тіпті осыдан 10,20 мың жыл бұрын не болғандығын да дәл басып айта алмайды. Веда ілімінің қайнар көзі саналатын Бһагавад Гитада адамзат баласының тарихындағы 4 кезең туралы айтылады. Ол: 1-сатья юга немесе алтын ғасыр, 2-трета юга немесе күміс ғасыр, 3-двапара юга – қола ғасыр, 4-кали юга – темір ғасыры. Сатья юга – 1700000 жылға созылса, трета юга 1200000 жыл, ал двапара юга – 850000 жыл, соңғы кали юга – 432000 жылға созылады.

Алтын ғасырда адамдардың бойы 15-20 метр болып, 100 мың жыл өмір сүреді және бұл ғасырда имандылық барша адамдарға тән болады. Ол заманда бай-кедей деген жоқ, адамдар тең құқылы және уайым-қайғысыз өмір кешеді. Трета юга мен Двапара югада имандылық азая бастайды, ал кали югада имандылық мүлдем дерлік жойылады.

Қазір біз кали юга – темір ғасырында өмір сүріп жатырмыз. Бұл дәуірде имандылық қасиеттер азайып, жоққа тән болады. Осыған орай, адамдарда ашкөздік, нәпсіқұмарлық сияқты жаман қасиеттер көбейеді. Соның салдарынан бай-кедей болып бөлініп, өмір бойы қырқысумен өтеді.

Түйін: бақытты заман болуы үшін адамдарды біріктіретін күш – имандылық, яғни Құдайға сену, құлшылық ету болуы тиіс. Сонда ғана адамдар шынайы бақытқа жете алады. Ал материалдық игілік үшін өмір сүру адамдарды ешқашан бақытқа да, теңдікке де жеткізе алмайды. Бұл – АҚИҚАТ.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста